Жаңалықтар

WorldSkills Kazakhstan 2025 Финалға шыққандар

«Шаштараз өнері» бағытының үздігі – «Мирас» колледжінің қатысушысы- Рустамова Малика!

Финалда жоғары нәтиже көрсетіп, медальон иеленді!

Шаштараз өнері / медальон — Рустамова Малика Музафарқызы, компатриот — Харлампиди Татьяна Геннадьевна.

Бұл — талпыныс пен еңбектің жемісі. Құттықтаймыз!

WorldSkills Kazakhstan 2025 – 1-күн

04.12.2025ж – WorldSkills Kazakhstan 2025 старт алды – білім мен шығармашылықтың үлкен аренасы! Бүгін чемпионатты күткен сол ерекше сәт — 1-күннің тапсырмалары ресми түрде старт алды!

Ерлер денсаулығы, ерте жыныстық қатынастың зияндылығы және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар

Бүгін «Мирас» колледжінде «Ерлер денсаулығы, ерте жыныстық қатынастың зияндылығы және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар» тақырыбында маңызды семинар жүргізілді. Семинарды «VIP Service 17» клиникасының дәрігер-хирургі Дариев Абуали Базарбайұлы өткізді.

WorldSkills Kazakhstan 2025 – Ресми ашылу

Бүгін, 3 желтоқсан күні, Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде көптен күткен WorldSkills Kazakhstan 2025 X Республикалық чемпионатының ашылу салтанаты өтіп жатыр! Бұл – еліміздің ең үздік жас мамандары бір алаңда жиналып, кәсіби шеберлік пен инновацияның жаңа деңгейін көрсететін тарихи сәт.

«Qarzhy Sagsyhy» компьютерлік ойыны

«Мирас» колледжі мекемесінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі әзірлеген “Qarzhy Sagsyhy” компьютерлік ойыны студенттерге тәжірибелік түрде ойнатылуда. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын арттыру (қаржы пирамидалары, дропсервисинг, цифрлық гигиена және т.б.).

Есірткі – жастықтың жұлын құрты («Курьер» тақырыбындағы бейнематериал)

«Мирас» колледжінде студенттерге «Курьер» тақырыбында тәрбиелік бейнематериал көрсетілді. Көрсетілім барысында студенттерге заңсыз курьерлік қызметпен байланысты тәуекелдер, тыйым салынған посылкаларды жеткізудің жауапкершілігі және заңды сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Іс-шара жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Есірткі – жастықтың жұлын құрты

«Мирас» колледжі мекемесінде «Есірткі – жастықтың жұлын құрты» тақырыбында студенттерге арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, зиянды заттардың адам денсаулығына және болашаққа тигізетін кері әсері түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты – жастарды есірткіден сақтандыру, дұрыс таңдау жасауға бағыттау және салауатты өмір салтын насихаттау.

Дропқа айналма!

«Мирас» колледжінде студенттерге арналған «Дропқа айналма!» тақырыбында тәрбиелік бейнематериал ұсынылды. Студенттер жасөспірімдер мен жастар арасында алаяқтықтың алдын алу және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған оқыту фильмдерін тамашалады.