Біз жайында

 
 

 

 


 

Қашықтықтан оқыту бойынша қолдау

Колледжді қашықтықтан оқыту (ҚО) тәртібіне көшкен жағдайда, студент орталықты оқыту идеяларын жүзеге асыра отырып, Мирас колледжі мекемесінің ұжымы келесі жұмыстарды жүргізеді.

College  SmartNation платформасы аясында колледждің білім алушысы лекцияларға және басқа да теориялық материалдарға, тесттерге және үй тапсырмаларына қол жеткізеді. Платформа колледж оқытушылары мен студенттері үшін өте ыңғайлы. 

 

1. College SmartNation платформасында оқу процесінің кестесі бойынша барлық ақпарат орналастырылған:

  • оқытушылар тізімі;
  • сабақ кестесі;
  • топтардың атауы;
  • әр топ студенттерінің саны;
  • электрондық журнал;
  • тапсырмаларды орналастыру;
  • бағалау, бағалауға түсініктеме.

2. Платформаның көмегімен күн сайын студенттер бойынша мониторинг жүргізіледі:

  • белсенділік;
  • қатысу;
  • тапсырма үлгілері.

3. Платформада электронды кітаптарды орналастырумен, электрондық кітапхана қойындысы бар, оларды кез келген уақытта студенттер мен оқытушылар ашық түрде пайдалана алады.

4. Колледжде YouTube арнасы бар. Мұнда студенттер мен оқытушыларға арналған осы платформаны пайдалану бойынша бейне нұсқаулықтар орналастырылған.

 

Қажет болған жағдайда әрдайым оқытушымен байланысуға және өткен немесе оқытылатын материал бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ колледж оқытушылары білім алушыларға телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып әдістемелік көмек көрсетеді (арнайы бейне сабақтар, түсіндіру жұмыстары). Студенттер мен педагогтарды қолдау үшін колледж қашықтықтан оқыту кезінде әр түрлі бағдарламалар (WhatsApp, Zoom, Skype, mail.ru, google.com, YouTube) қолдана алады.

Карантин уақытында үйлеріне кеткен, аймақтағы студенттер тұрақты интернет қосылысы немесе жоғары жылдамдықтар болмаған жағдайда лекциялар мен тапсырмаларға қол жеткізуге және орындалған жұмысты өздеріне ыңғайлы уақытта жіберуге мүмкіндігі бар. Оқытушылар әрдайым байланыста.

 

Оқу-әдістемелік кешендерді, тестілерді, сандық білім беру ресурстарын жүктеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. ПОӘК (пәннің оқу-әдістемелік кешендері) және тапсырмалар College Smartnation платформасында уақытылы орналастырылады. Білім алушылар сол күні оқытушыдан кері байланыс алады. Сабақтар кесте бойынша өткізіледі.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша білім алушылардың ата-аналарымен тұрақты байланыс жүргізіледі, кез келген пайдалы және қажетті көмек көрсетіледі. Студенттердің сабаққа қатысуы және үлгерімі бойынша барлық ақпарат әрдайым ашық түрде беріледі.

Использование платформы Smart Nation при дистанционном обучении (Для студентов!)lightbox[social 640 486]Facebook::Face videos

CollegeSmartNation порталында жұмыс істеу бойынша онлайн-тренинг (21.03.2020 жазба)lightbox[social 640 486]Facebook::Face videos

Жаңалықтар

25.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде студенттік парламенттің ұйымдастыруымен «өзін-өзі басқару күні» өтті. Яғни білім алушылар мұғалімдік өмірдің тыныс тіршілігімен танысып, бір күндік ...
19.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен «Мейірім- жүректен»  айлық жоспары және «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы  аясында ...
«Мирас» колледжі мекемесінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында жоспарға сәйкес кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен ақын, жазушы, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы ...
16.05.2023 жылы Шымкент қаласының прокуратурасы қалалық білім басқармасымен бірлесіп  ұйымдастырған «Мейірім-жүректен» қалалық айлығының жоспарына сәйкес «Прокурорлық сағат» жүргізілді. Осыған сәйкес ...
12.05.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Мейірім-жүректен» акциясы аясында ұйымдастырлған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 13-ші емхананың терапевт ...
04.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде  «Мейірім-жүректе» акциясы аясында «Галстуксыз бір сағат» тақырыбында еркін форматта  ардагерлермен кездесу өткізілді.  Шара барысында білім алушылар  ...
04.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай  мерекелік  концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты білім алушыларды патриоттыққа баулу, ардақты ...
Мирас колледжінде Қазақстан Республикасы Президенті Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырманы орындау мақсатында мамыр мерекелері мен "Жеңіс күні" қарсанында жасына ...