Ата-ана мен колледж: тұлға тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік

19.02.2026ж. күні «Мирас» колледжінде ата-аналармен тығыз байланыс орнату және білім алушылардың тәрбиесі мен оқу үлгерімін жақсарту мақсатында ата-аналар жиналысы және тренинг сабағы ұйымдастырылды. Тренинг сабағының тақырыбы: «Ата-ана мен колледж: тұлға тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік». Іс-шара барысында студенттердің тәртібі мен оқу үлгерімі, колледждің ішкі тәртіп ережелері, сондай-ақ отбасы мен колледж арасындағы ынтымақтастықтың маңызы кеңінен талқыланды. Ата-аналарға баланың білім алуына бақылау жүргізу, тәртіпке баулу, жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ колледжбен тұрақты байланыста болудың қажеттілігі түсіндірілді.

 

Тренинг барысында ата-аналар өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасып, ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, тәрбиелік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін ата-ана мен колледждің бірлескен әрекеті маңызды екендігі атап өтілді. Аталған кездесу ата-аналармен байланыс нығайтып, студенттердің жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды іс-шаралардың бірі болды.