Жаңалықтар

Жаңа жыл – 2026

Мирас» колледжі» мекемесінде «Жаңа жыл – 2026» атты мерекелік концерт өтті. Шара барысында әсерлі өнер көрсетіліп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл береке, табыс және жарқын жетістіктер әкелсін!

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы

«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» салтанатты түрде жабылды. Аталған іс-шара аясында өткен Жеңімпаздар ШЕРУінде еліміздің үздік өкілдері марапатталды. Бұл маңызды шараға Мирас колледжі қатысып, колледж құрамында WSK -2025 республикалық, аймақтық чемпионаттардың жеңімпаздары бар екенін абыроймен көрсетті. Кәсіби шеберлік – сапалы білімнің нәтижесі!

Mr.John!

«Мирас» колледжінде Тіл тасымалдаушы білікті маман mr.John жоғары дәрежеде кезекті желтоқсан айының "Communication club" өтті.

Игі іс!

«Мирас» колледжінің оқытушылары мен студенттері қайырымдылық дәстүрін жалғастырып, мереке қарсаңында ерекше ізгі қадам жасады. Бүгін біздің ұжым азық-түлік себеттерін дайындап, көмекке мұқтаж 3 отбасының көңілін көтеріп, қуаныш сыйлады. Жақсылық — бөліскен сайын көбейеді.Осындай мейірімді бастамалар қоғамдағы жылулықты күшейтіп, бір-бірімізге деген қамқорлықты арттыра түседі.

Біздің мақтанышымыз - Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында

ТМ-251.2(г) тобының талантты студенті Әлібек Рамазан Әбілғазыұлы Алматы қаласында өткен Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында (юниорлар) 48 кг салмақ дәрежесінде — 1ОРЫН иеленді! Бұл — тек жеке жеңіс емес, бүкіл топтың, оқу орнының мәртебесін көтерген үлкен жетістік! Рамазанға алдағы уақытта да мықты денсаулық, табанды еңбек, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз! Жұлдызың жарық болып, әрдайым чемпион бол!

WorldSkills Kazakhstan 2025

Біздің үлкен мақтанышымыз — “Мирас” колледжінің атынан қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізген медальон иегері — Рустамова Малика! Оған бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі — Харлампиди Татьяна Геннадьевнаға алғыс білдіреміз.

World skills kazakhstan 2025 – шымкент қаласының жеңімпазын салтанатты қарсы алу

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, «Talap» КеАҚ ұйымдастыруымен өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионатында еліміздің ең үздік жас мамандары анықталды.

Біздің үлкен мақтанышымыз — "Мирас" колледжінің атынан қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізген, медальон иегері - Рустамова Малика туған қаласына оралып, Шымкент вокзалынан салтанатты түрде күтіп алынды! Оның бұл табысына қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берген жетекшісі — Харлампиди Татьяна Геннадьевнаға ерекше алғыс! Маликаның жеңісі — еңбектің, талпыныстың және кәсіби шеберліктің нәтижесі.Бұл көрсеткіш Шымкент қаласы жастарының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.Малика мен оның жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта бұдан да биік белестерді бағындыра беріңіздер!

WorldSkills Kazakhstan 2025 Финалға шыққандар

«Шаштараз өнері» бағытының үздігі – «Мирас» колледжінің қатысушысы- Рустамова Малика!

Финалда жоғары нәтиже көрсетіп, медальон иеленді!

Шаштараз өнері / медальон — Рустамова Малика Музафарқызы, компатриот — Харлампиди Татьяна Геннадьевна.

Бұл — талпыныс пен еңбектің жемісі. Құттықтаймыз!