"Мирас" колледжінде мазмұнды кездесу өтті. Кездесуге “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының 1-мамандандырылған ХҚК бөлім басшысының орынбасары Байсейітов Нұрхан Ерданұлы және Шымкент қаласы бойынша филиалы №1 Әл-Фараби аудандық ХҚК бөлімінің бас маманы Абдикаримова Айгерім Мухтарханқызы қатысты.
Қонақтар студенттерге мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті ақпараттармен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу студенттер үшін пайдалы әрі танымдық болды.


