Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Колледжде студенттер кеңсесі және студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

«Мирас» колледжі студенттерге қызмет көрсету орталығы. Орталық студенттерге академиялық кезең бойы кеңес береді. Әр студент өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алады.

Орталық қызметінің қағидаттары: алынған ақпараттың құпиялылығы, сенім негізіндегі ынтымақтастық, мәселелерді шешудегі объективтілік, шынайы ақпарат беру.

Орталық - бұл колледж әкімшілігі мен оның студенттерінің жаңа форматтағы диалогын құру.

Мақсаты: студенттерге «бір терезе» принципі бойынша сапалы және жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Студенттің сұрауы бойынша толық ақпарат беру.

Студенттерге қызмет көрсету орталығы қызметінің негізгі бағыттары:

  • Қызмет көрсету/мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру (студенттерден өтініштер қабылдау: оқуға қабылдау, оқудан шығару, қалпына келтіру, ТжКБ-ның басқа ұйымдарынан және ТжКБ-ның басқа ұйымдарына, колледж ішінде ауыстыру, академиялық демалыс беру, техникалық-кәсіптік білімді аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру, дипломдардың телнұсқаларын беру, азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы тұлғаларға тегін тамақтандыруды ұсыну, дербес деректерді ауыстыру, жеке құрам бойынша білім беру;
  • Кету парақтарын беру;
  • Ақылы негізде білім алушыларға жеңілдіктер беруге құжаттар қабылдау;
  • Колледж студенттерін сынақ кітапшаларымен, студенттік билеттермен қамтамасыз ету;
  • Студенттерге және олардың өкілдеріне ақпарат беру, құлақтандыру және кеңес беру;
  • Мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету бойынша кеңес беру;
  • Білім алушылардың электрондық дерекқорына ақпаратты уақтылы және дұрыс енгізуді қамтамасыз ету;
  • Анықтамаларды тіркеу және беру, олар бойынша есептік-бланктік құжаттарды ресімдеу;
  • Колледждің іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу (дипломдар тапсыру, жиналыстарды өткізу)
  • Ресми органдардың жазбаша сауалдарына жауап-хаттарды дайындау;
  • Студенттердің өтініштері бойынша және құрылымдық бөлімшелердің жобалары бойынша бұйрықтар жобаларын дайындау;
  • Студенттердің құрамы туралы электронды материалдарды сақтау;
  • Білім алушылар контингентінің қозғалысы бойынша есеп дайындау.

 

 

Жаңалықтар

Мирас» колледжі» мекемесінде «Жаңа жыл – 2026» атты мерекелік концерт өтті. Шара барысында әсерлі өнер көрсетіліп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен ...
«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» салтанатты түрде жабылды. Аталған іс-шара аясында өткен Жеңімпаздар ШЕРУінде еліміздің үздік өкілдері марапатталды. Бұл маңызды шараға Мирас колледжі қатысып, ...
«Мирас» колледжінде Тіл тасымалдаушы білікті маман mr.John жоғары дәрежеде кезекті желтоқсан айының "Communication club" өтті.
«Мирас» колледжінің оқытушылары мен студенттері қайырымдылық дәстүрін жалғастырып, мереке қарсаңында ерекше ізгі қадам жасады. Бүгін біздің ұжым азық-түлік себеттерін дайындап, көмекке мұқтаж 3 ...
ТМ-251.2(г) тобының талантты студенті Әлібек Рамазан Әбілғазыұлы Алматы қаласында өткен Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында (юниорлар) 48 кг салмақ дәрежесінде — 1ОРЫН иеленді! Бұл — тек ...
Біздің үлкен мақтанышымыз — “Мирас” колледжінің атынан қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізген медальон иегері — Рустамова Малика! Оған бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі — Харлампиди ...
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, «Talap» КеАҚ ұйымдастыруымен өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионатында еліміздің ең үздік жас мамандары анықталды. Біздің үлкен мақтанышымыз — ...
«Шаштараз өнері» бағытының үздігі – «Мирас» колледжінің қатысушысы- Рустамова Малика! Финалда жоғары нәтиже көрсетіп, медальон иеленді! Шаштараз өнері / медальон — Рустамова Малика Музафарқызы, ...