Инфрақұрылым

«Мирас» колледжі 12 мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады. Оқу үдерісі жалпы ауданы 4362,3 шаршы метрді құрайтын заманауи төрт қабатты ғимаратта өтеді.


 

 

Кітапхана

Білім алушылардың иелігінде интернет желісіне еркін қолжетімділігі бар оқу залы мен бейнетекасы қамтылған кітапхана жұмыс істейді.
Кітап қоры 31 113 дана, оның ішінде оқу-әдістемелік әдебиет — 16 552 дана.
Студенттер үшін 3900 электрондық оқулыққа қолжетімділік қамтамасыз етілген.
Кітапхананың жалпы ауданы — 62,3 шаршы метр, оның ішінде оқу залы — 40 шаршы метр, кітап сақтау орны — 22,3 шаршы метр.


 

 

Студенттерге қызмет көрсету орталығы (СҚКО)

Колледжде оқу кезеңі бойы білім алушыларға кеңес беретін Студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
СҚКО-да студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге өз бетінше қажетті анықтамаларды алуға мүмкіндік беретін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған (соттылықтың бар-жоғы туралы, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы, фтизиопульмонологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан анықтамалар және т.б.).
Орталық қызметкерлері өтініштерді рәсімдеуге, ЭЦҚ алуға, мобильді азаматтар базасында тіркеуге және eGov.kz порталымен жұмыс істеуге практикалық әрі ақпараттық-консультациялық көмек көрсетеді.


 

 

Оқу аудиториялары мен зертханалар

Оқу процесін ұйымдастыру мақсатында 48 оқу аудиториясы, заманауи интерактивті Smart-тақталар мен проекторлармен жабдықталған, 6 компьютерлік кабинет, 1 лингафон кабинеті, 6 зертхана және 6 шеберхана бар.
Компьютерлік кабинеттерде барлық қажетті құжаттар ресімделген: пайдалану ережелері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар, кабинет төлқұжаттары және есеп журналдары.
Шеберханалар мен зертханалар келесі мамандықтар бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған:

  • «Шаштараз өнері» (сұлулық салоны);
  • «Киімді үлгілеу және құрастыру» (ателье);
  • «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»;
  • «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту».

 

 

Спорт залы

Колледжде жалпы ауданы 601 шаршы метрді құрайтын, спорт және жаттығу жабдықтарымен толық жабдықталған спорт залы жұмыс істейді.


 

 

Медициналық кабинет

Колледждің медициналық пункті 2021 жылғы 14 қазанда берілген № 21029341 лицензияға сәйкес алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитариялық көмекті көрсетеді.
Медициналық блоктың жалпы ауданы — 49 шаршы метр, оның құрамына қажетті құрал-жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етілген емшара және дәрігер кабинеттері кіреді.
Білім алушылар мен қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету жыл сайын бекітілетін кешенді жоспарға сәйкес жүргізіледі, оған профилактикалық тексерулер мен вакцинация кіреді.

 

 

 

Жаңалықтар

Шымкент қаласында 2026 жылдың 8–12 маусымы аралығында жұмысшы және кәсіби мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби ...
Экология департаменті ұйымдастырған «Эколог сағаты» аясында "Мирас" колледжінің студенті Аширалиев Еркебұлан «Қоқысты сұрыптау арқылы экологияны сақтау» тақырыбында баяндама қорғады. Іс-шара ...
2026 жылғы 5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай Шымкент қалалық колледж студенттері арасында Қошқар ата өзенінің жағалауында «Эколог сағаты» республикалық акциясы ...
02.06.2026 жылы «Мирас» колледжінде студенттерге арналған «Отан қорғау – абыройлы міндет, ер азаматтың қасиетті борышы» атты тағылымды кездесу өтті. Кездесуге әскери сала мен ардагерлер қауымының ...
26.05.2025 күні Мирас колледжінде “Репродуктивті денсаулық, мерездің алдын алу, АИТВ инфекциясының алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында студенттерге мерез ...
22.05.2026 күні "Мирас" колледжінде тіл тасымалдаушы әрі ағылшын тілі оқытушысы mr. John мен "Victory day" атты тақырыбында "Сommunication club" өтті.
Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы суицид пен лудоманияның алдын алу бойынша жастармен кездесу колледжінде өтті. Кездесудің мақсаты – жастар арасында ...
«Үздік оқырман» сайысы. Тақырыбы: "Уақыт, адалдық ,тәрбие-табыстың үш тірегі". Мақсаты: Білім алушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру. Білім алушыларға адамның алға қойған ...