Тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

«Мирас» колледжі студенттердің кәсіби тәжірибесін және өндірістік оқытуын сапалы ұйымдастырады. Тәжірибе оқу шеберханаларында, зертханаларда және келісімшарт жасалған әлеуметтік серіктес кәсіпорындарда өтеді. Барлық жұмыс ҚР заңнамасына және колледждің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

Әр мамандық бойынша тәжірибе бағдарламалары әзірленген. Тәжірибе базалары қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл студенттердің теориялық білімдерін практикада қолдануға және кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді. Колледж жыл сайын материалдық-техникалық базасын және серіктес кәсіпорындар санын кеңейтіп отырады.

Әлеуметтік серіктес ұйымдардың мамандары студенттердің білім алу процесіне белсенді қатысады: тәжірибеге жетекшілік етеді, өндірістік сабақтар өткізеді, дипломдық жобаларды қорғау және мемлекеттік қорытынды емтихандар комиссияларының құрамына кіреді.

Колледж түлектердің жұмысқа орналасуын тұрақты түрде бақылап, жұмыс берушілермен және Жұмыспен қамту орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Түлектер мен әлеуметтік серіктестердің кездесулері, сондай-ақ білім сапасына қанағаттанушылық бойынша сауалнамалар жүйелі түрде жүргізіледі.

Соңғы 5 жылдағы түлектердің орташа жұмыспен қамтылу көрсеткіші 77 % құрайды. Бұл колледж   тулектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие екенін дәлелдейді. 

Директордың оқу-өндірістік жұмыс және жұмысқа орналастыру жөніндегі орынбасары
Оспанова Гульмира Ахметовна 


«Мирас Кадрлар» орталығы

«Мирас» колледжінде өз жобасы ұйымдастырылды, атап айтқанда «Мирас кадрлары» Жастар кадрлық орталығы. Кадр орталығының жұмысы колледж директоры бекіткен түлектерді жұмысқа орналастыру туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Мансап қызметі түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, колледж бітірушілеріне еңбек нарығының қажеттілігін талдайды, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша колледж түлектерін ақпараттық және кеңес беру қолдауды ұйымдастырады, кәсіпкерлер палатасымен, Жұмыспен қамту орталығымен қарым-қатынасты қолдайды. Колледждің оң имиджін насихаттау және қолдау мақсатында: колледждің жұмыс беруші кәсіпорындарымен өзара тиімді байланыстарын нығайтуды қамтамасыз етеді, мектеп оқушыларын, түлектерді, ардагерлерді тарта отырып, колледждің имидждік және ойын - сауық іс-шараларын өткізеді, қалада ұйымдастырылатын Бос орындар жәрмеңкесіне қатысады.

Мансап орталығының мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес колледж түлектерін жұмысқа орналастыру болып табылады. Мансап орталығының негізгі міндеттері:

Түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында колледж студенттерінің қала ұйымдарының өкілдерімен және басшыларымен кездесулер мен әңгімелесулерін ұйымдастыру;

Жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша бос жұмыс орындарының өзекті базасын жүргізу;

Жазғы кезеңде студенттердің жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру.

«Мирас кадрлары»  Жастар кадрлық орталығында әрқашан көмектеседі:

  • Қызықты жұмыс табу;
  • Резюмені дұрыс құрастыру;
  • Әңгімелесудің тиімді өтуі бойынша ұсыныстар алу.

«Мирас кадрлары» Жастар кадрлық орталығының ұраны-сенің мансабың осында басталады! 

Директордың оқу-өндірістік жұмыс және жұмысқа орналастыру жөніндегі орынбасары
Оспанова Гульмира Ахметовна

Кадр бөлімінің басшысы Мұсалимова Гүлбану Шекербекқызы


 

Социальные партнеры

 

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасына сәйкес, «Мирас» колледжі мекемесінде ...
2026 жылдың 15 сәуір күні бірінші курс білім алушыларымен маңызды кездесу өтті. Іс-шараға «Жастар Денсаулық Орталығының» терапевт дәрігері Ералиева Дина Калановна қатысып, студенттерге тақырып ...
2026 жылдың 15 ақпан күні бірінші курс білім алушыларымен маңызды әрі тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға «Жастар Денсаулық Орталығының» психологы Бекмуратова Қ.У. және әлеуметтік қызметкер Отегенова ...
Бүгін "Мирас" колледжі мекемесінде әскери дала жиынының жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Жиын барысында студенттер әскери дайындықтарын көрсетіп, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін танытты. ...
«2026 жылғы 14 маусым күні «Мирас» колледжінде қызметкерлер арасында «Салауатты үзіліс» немесе «Денсаулық сағаты» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шара аясында колледж ...
«Салауатты колледж» жобасы аясында студенттер үшін тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Жастар ЖИТС-тің алдын алу орталығының педагог маманы Ибайдуллаева Д.А. жетекшілігімен «Сенім» орталығына экскурсия ...
«Мирас» колледжі мекемесінде Тұран ауданында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, суицидтің, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, адам саудасы, керегар діни ағымдар мен ...
"Мирас" колледжі" мекемесінде оқу-дала жиынының салтанатты ашылу іс-шарасы өткізілді. Бұл жиын – тәртіп пен жауапкершілікті шыңдап, білім мен тәжірибені ұштастыратын маңызды кезең. Студенттер үшін ...