Бүгін "Мирас" колледж мекемесінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында, «Қоқысты сұрыптау – таза болашақ кепілі» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. іс - шараны "Мирас" колледжінің "Экология және еңбек" фракциясының министрі Аширалиев Еркебұлан Бахтиярұлы жүргізді. Іс-шара барысында студенттерге қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру, оның қандай пайдасы бар екенін, қоқыс қоршаған ортаға зиян келтіретінін, құстар мен жануарлардың өміріне қауіп төндіретінін және жергілікті экожүйелерді бұзатыны туралы айтып өтті. Колледж студенттері акцияға белсене қатысты.

