Кикілжің және одан шығу жолдары» тренин-семинар
Соңғы кездері жастарымыздың, қала берсе ересек адамдар арасында түсінбеушілік, агрессияға тез берілу, жанымызға жақын адамдарды жазықсыз жазғырып, әлде болмаса қызбалыққа салынып, болмашы эмоцияға ерік беріп өз жақындарымыз бен достарымыздың көңіліне қаяу түсіріп алатын кездер болып тұрады. Оның себебі не де?! Әрине, қазір ғаламдық жаһандану, қарбалас тіршілік, қала берсе нейтротехнология заманы. Мұның бәрі адам психикасына әсер етпей қоймайды. Ал, заман талабына сай өзгелерге ілесіп жүрмесек, көп нәрседен қапыдан қалыс қалатынымыз тағы бар.
Осы мақсатта, жаңа әдістемелерді пайдалана отырып, жастар арасында кикілжіңді шешу, компромиске келу жолдарын, сонымен қатар ішкі балансты тұрақты ұстауға септігін тигізетін кәсіби жұмыстарын жүргізді.Тағы айтар болсақ, «Кикілжің және одан шығу жолдары»-семинар тренингде, көптеген қызықты ойындар мен өз ой әлемін өзгертуге әсер ететін тренингтерден өтті.
«Бес терек» жобасы бойынша жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықты анықтау жұмыстары
Ақпан айының 24-25 жұлдызы аралығында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Бес терек» жобасы аясында жұмыстар жүргізді. Жұмыс барысында білі алушылардан «Үй.Адама.Ағаш» проективті әдісі, сауалнамалар, Отбасылық сурет, «Менің арманым» немесе «Менің отбасым» тақырыбында эссе, М.Люшердің «түрлі түстер» әдістемелері жүргізіп, қорытындыларын алды.
Жобаның мақсаты: жастар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
Жобаның міндеті: бес терек мүшелерінің байланысын нығайтып, бірлескен жұмыс регламенті мен жоспарын анықтау.
Бұл жоба жұмыстарын жүргізуге колледж медбикесі, инспекторы, әлеуметтік педагог пен топ жетекшілер тартылды.
Жаһан жастарының дерті- Суицид
Жасөспірімдеріміздің арасында кейбірі түйткілдерге тап болып, күзеліске түсіп шыға алмай жатады немесе сәтсіз махаббат хикаясы, отбасынан шектен тыс талаптар мен қалауларын орындатқысы келіп, өз ойындағыдай нәтижелерге жете алмай қалған сәтттерде, дос тарынан бөлектеніп бұл әлемде жалғыз қалғандай сезініп нәтижесінде жағымсыз ойлар мен эмоциялар әсерінен болашғы жоқ қараңғы жолдарды таңдайды. Осы мәселе бойынша арнайы мамандардың қатысуымен колледж білім алушыларына біршама ағарту жұмыстарын жүргізді. Жасөспірім шақта биологиялық даму мен акселерация нәтижесінде эмоционалды тұрақсыздықтар қалыпты жағдай екендігін түсіндіріп, арнайы видеороликтер мен брашуралар таратылды.
Іс-шараға қатысқандар:
№13 емхананың психологтары: Жакыпбекова Ж.Б, Бекмуратова К.У
№13 емхананың терапевт дәрігері:Джаймаганбетова Д.Д, Дуйсенова Л медбикесі
«Мирас» колледжінің медпункт меңгерушісі: Сарымбетова Ж.С
Психолог: Қалдарова А.Е
Әйгілі психолог Дж.Лок айтуынша: «Біз өз өміріміздің суретшісіміз, ал суреттің керемет шығу сіздің қолыңызда!».
Тәжірибеге келген студенттермен жұмыс
17.02.2020- 28.02.2020 ж аралығында «Мирас» универиситетінің «Педагогика және психология» кафедрасының біршама студенттері колледжімізге тәжірибе алмасуға,оқып білгендерін тәжірибе жүзінде қолдануға келді. Болашақ мамандар сбілім алушылармен етене жұмыс жасай отырып, үлкен және кіші топтармен жұмыс жасауды үйренді. Тәжірибе барысында болашақ мамандар білім алушылармен тығыз жұмыстар жүргізді. Атап айтар болсақ, арт-терапия саласының бір бөлігі сурет-терапиясымен жұмыс жасап қорытындылар ала білуді, сауанама нәтижелерін өңдеу жолдарын тереңнен үйренді. Тәжірибе алмасуға келген студенттер бес минутсыз дайын маман екендігін дәлелдеді.
«Мирас» колледжі мекемесі заман талабының сұранысына санасы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында құрылған дебаттық клуб қыркүйек айында ашық деп жарияланып, біршама жастарды даярлады.
Дебат. "Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы" тақырыбынды дебат
Қыркүйек айында "Мирас" колледжі мекемесінде "Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы" тақырыбында студенттер арасында әлеуметтік-саяси мәселелер қозғалып, пікірталас жүргізілді. Оның ең алғашқылары және өзектілерінің бірі Қ.Ж.Тоқаевтың соңғы жолдауы (2022жылғы 1 қыркүйек) болды.
Білім алушылар жаңа жолдауымен танысып, жүргізілген дебатта қатысушалр арасында өте керемет динамикалық, қызықты, белсенді әңгіме болды.
Дебат. «Егемендік-елдің баға жетпес елдігі»
20.10.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Егемендік-елдің баға жетпес елдігі» тақырыбында Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының білім алушыларының ұйымдастыруымен дебаттық турнир өтті. Колледж білім алушылары арасында қызу пікірталас жүріп, Республика күнін қайтару мәселесін көтерді, екі жақта көзқарастарын ашық жеткізе алды.
17.11.2023 Дебат фракциясының министрі Ағабек Гүлсезім және колледж белсенділерінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу» тақырыбында дебат өткізілді.
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру мақсатында «Лудомания-ХХІ ғасырдың дерті» тақырыбында өткен қалалық дебат турниріне белсене қатысты.
«Игі істер марафоны» апталығы аясында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және сөз саптауын, өз ойын тыңдармандар алдында еркін әрі ашық жеткізе білуді үйрету мақсатында өткен пікірсайысқа қатысты.
«Бизнес-старт» зияткерлік ойыны
Экономикалық пәндер оқытушылары «Бизнес-старт» интеллектуалды ойынын өткізді. Оған экономикалық мамандықтар мен менеджмент студенттері қатысты.
«Бизнес-старт» зияткерлік ойынының мақсаты білім алушылардың ұйымшылдығын, командалық жұмысын, шешендік қабілетін дамыту. Студенттер белсенді қатысып, әділқазылар алқасы экономика және қаржы сауаттылығы бойынша білімдерін бағалады
«Қалай табысты болу керек»
«Қалай табысты болу керек» атты сыныптан тыс іс-шара колледж қабырғасында өтті. Студенттермен кездесуге кәсіби бухгалтер-сарапшы Крыкпаева Оксана Семеновна қатысты, ол бухгалтер мамандығына өзінің Жеке жолы туралы өте қызықты және эмоционалды түрде айтып, ұйым қызметінде есепке алудың рөлін, есеп бойынша маманның кәсіби және жеке ерекшеліктерін - өз ісін білу, есепке алу мәселелеріндегі құзыреттілікті, бастамашылдықты, өзін-өзі тәртіпті, жауапкершілікті, дербестікті, коммуникабельдікті, өзін-өзі іске асыру мен креативтілікті, еңбек нарығында кәсіптің қажеттілігін атап өтті. Колледждің барлық білім алушылары мен оқытушыларына кәсіби бухгалтермен кездесу өте ұнады.
1 желтоқсан «Президент күні»
1 желтоқсан «Президент күні» күнін мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Мирас» колледжінде салтанатты жиын өтті, тақырыбы «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы». Жиында Қазақстан халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниеге келген, білім алған және қызмет еткен өмірінің қызықты фактілері туралы айтылды. Іс-шараның мақсаты-студенттерге азаматтық, патриоттық сезімдерін ояту, Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Иран орталығының төрағасы - Қапар-Пур Нұрысбек Құрбанұлы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, профессор Әлімбек Болысбек, медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығының төрағасы, заңгер-медиатор Оразқұлова Нұрбала Алтынқанқызы қатысты.
Адал ұрпақ - жарқын болашақ
«Мирас» колледжі мекемесінде «Адал ұрпақ - жарқын болашақ» клубымен Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі С. Д. Арыстанова колледж білім алушыларымен еркін форматта ашық отырыс өткізді.
«Саналы ұрпақ» жобасының тиімділігін арттыру мақсатында «Түркістан-адалдық сквері» жобалау офисі аясында «Мирас» колледжі мекемесінде «Саналы ұрпақ-жарқын болашақтың кепілі»» тақырыбында флешмоб өткізілді.
Бүгін «Мирас» колледжінде «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында «Sanaly urpaq» жобасы жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен «Ұйым ішіндегі сыбайлас жемқорлықтың табиғаты және оның алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
«Мирас» колледжінің студенттерімен «Парасыз» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын алу, оның зияны туралы түсініктеме берілді.