Психолог парағы

Колледждегі маңызды көмекші фактор-психологиялық қызметтің жұмысы. Психологтың қызметі білім алушылардың тұлғалық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үрдісіндегі қажетті компонент болып табылады. Осы жас кезеңінде білім алушылардың толыққанды тұлғалық дамуына ықпал ету, олардың өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру; жеке ерекшеліктерді диагностикалау, олардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін анықтау; студент тұлғасын дамытудағы ықтимал жағымсыз факторларды анықтау, оларды уақытында еңсеру; ата-аналармен, оқытушылармен, құрдастарымен сындарлы қарым-қатынас құруға, әлеуметтендіру мәселелерін шешуге көмек көрсету; оларды жою және алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу; білім алушыларды тану процесін басқаруда педагогикалық ұжымға көмек көрсету-колледж психологының құзыретіндегі сұрақтар тізімі. Колледжде өзін-өзі тану сабақтарына арналған кабинет болып табылатын педагог-психологтың жеке кабинеті бар.

Психолог-педагог

  • Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу

    Мақсаттары: Білім алушылардың оқу үдерісінде дамуына, өзін-өзі жүзеге асыруына, әлеуметтенуіне, сондай-ақ физикалық, психологиялық және әлеуметтік денсаулығын сақтауға ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету; Білім алушыларда өмірге оң бейімделуді қалыптастыру, оны адамның ата-аналармен, құрдастарымен, басқа адамдармен және қоршаған ортамен, сондай-ақ өз-өзімен саналы түрде салыстырмалы тұрақты қарым-қатынастар құру және дамыту үдерісі ретінде түсіндіру.

  • Психологиялық денсаулық және күйзелістің алдын алу

    2025 жылғы 12 қараша күні «Отау Мед» және «Vip Service 17» клиникаларымен бірлесіп, психолог Тоқан Ұлбосын Нұрғалиқызы және дәрігер Әбішова Ақжарқын Доқтырбайқызы студенттермен «Психологиялық денсаулық және күйзелістің алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.

  • Отбасылық зорлық-зомбылық және лудомания

    Мақсаттары: Ағартушылық және профилактикалық қызмет арқылы отбасылық зорлық-зомбылық көріністері мен лудоманияның даму қаупін төмендету; Қатысушыларда отбасылық қарым-қатынастарда жауапты мінез-құлық пен психологиялық денсаулыққа саналы көзқарас қалыптастыру; Тәуелді мінез-құлық пен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін өзін-өзі бақылау және күйзеліске төзімділік дағдыларын дамыту.

  • Жасөспірімдер ортасындағы буллинг пен кибербуллинг

    2025 жылғы 10 қазан күні ата-аналар мен студенттерге арналған буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді.

    Мақсаты:
    Жасөспірімдердің буллинг пен кибербуллинг мәселелері, олардың салдары туралы хабардарлығын арттыру, агрессияға қарсы тұру дағдыларын дамыту, ұжымда өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыру.

  • Ерте жүктіліктің алдын алу

    2025 жылғы 07 қазан күні «Мирас» колледжі мекемесінде ЖШС «Vip Service 17 медициналық орталығының» мамандары тарапынан білім алушылармен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуді дәрігер-гинеколог Садбенова Гүлзат Жұрнбайқызы жүргізді. Кездесу барысында білім алушылар денсаулыққа қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

  • Жасөспірімдердегі деструктивті мінез-құлықтың алдын алу

    "ДауМед" емханасымен бірлесіп, жасөспірімдердің деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша екі тілде психолог Абатова Гүлфайруз Утарбайқызы 8.04-19.04 бастап 1-4 курс топтарымен тренингтер өткіземіз.

  • Ерте жүктіліктің алдын алу

    Мақсаты: репродуктивті денсаулық туралы түсінік деңгейін арттыру, жыныстық мінез-құлық мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және жеке қарым-қатынасқа негізделген шешім қабылдау дағдыларын дамыту арқылы жастар арасында ерте жүктілік қаупін азайту.

  • Отбасылық зорлық-зомбылық және лудомания

    12.01.2024 жылы Тұран полиция басқармасымен бірлесіп, спикер Абай Айғаным Мұхтарқызы студенттермен "отбасылық зорлық-зомбылық және лудомания"тақырыбында профилактикалықсеминар өкізді

  • «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»

    Мақсаты: қатысушылардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға және аурулардың алдын алуға ықпал ететін салауатты өмір салтын ұстану үшін тұрақты мотивация мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    25.12.2023 жылы Шымкент қалалық "салауатты өмір салтын қалыптастыру" орталығында "суицидтің алдын алу"тақырыбында семинар өтті

  • «Жасөспірімдер арасындағы булинг және кибербуллинг»

    Мақсаты: жасөспірімдердің булингі және кибербуллинг мәселелері, олардың салдары туралы түсінігін арттыру және ұжымда құрметпен қарым-қатынас пен қолдау мәдениетін қалыптастыру арқылы агрессияға қарсы тұру дағдыларын дамыту.

    19.10.2023 ж.  ресурстық орталықпен бірлесіп "жасөспірімдер ортасында Буллинг және кибербуллинг", "суицидтің алдын алу"тақырыбында профилактика жүргізілді.

Жаңалықтар

Шымкент қаласында 2026 жылдың 8–12 маусымы аралығында жұмысшы және кәсіби мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби ...
Экология департаменті ұйымдастырған «Эколог сағаты» аясында "Мирас" колледжінің студенті Аширалиев Еркебұлан «Қоқысты сұрыптау арқылы экологияны сақтау» тақырыбында баяндама қорғады. Іс-шара ...
2026 жылғы 5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай Шымкент қалалық колледж студенттері арасында Қошқар ата өзенінің жағалауында «Эколог сағаты» республикалық акциясы ...
02.06.2026 жылы «Мирас» колледжінде студенттерге арналған «Отан қорғау – абыройлы міндет, ер азаматтың қасиетті борышы» атты тағылымды кездесу өтті. Кездесуге әскери сала мен ардагерлер қауымының ...
26.05.2025 күні Мирас колледжінде “Репродуктивті денсаулық, мерездің алдын алу, АИТВ инфекциясының алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында студенттерге мерез ...
22.05.2026 күні "Мирас" колледжінде тіл тасымалдаушы әрі ағылшын тілі оқытушысы mr. John мен "Victory day" атты тақырыбында "Сommunication club" өтті.
Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы суицид пен лудоманияның алдын алу бойынша жастармен кездесу колледжінде өтті. Кездесудің мақсаты – жастар арасында ...
«Үздік оқырман» сайысы. Тақырыбы: "Уақыт, адалдық ,тәрбие-табыстың үш тірегі". Мақсаты: Білім алушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру. Білім алушыларға адамның алға қойған ...