Қарым-қатынас мәдениетіндегі тәртіп пен жауапкершілік

"Мирас" колледжі мекемесінде рухани-адамгершілік тәрбие бағыты аясында «Қарым-қатынас мәдениетіндегі тәртіп пен жауапкершілік» тақырыбында топ жетекшілері тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында білім алушылар қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын, қоғамдық ортадағы тәртіп ережелерін сақтау мен жеке жауапкершіліктің рөлін талқылады. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды саралап, сыпайылық, әдептілік және өзара құрмет құндылықтарының мәнін терең түсінуге мүмкіндік алды.

 

Тәрбие сағаты жастардың тұлғалық дамуына, мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыруына және жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталды.