Қауіпсіздік – әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын сақтаудағы ең маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда Мирас колледжі студенттері арасында «Қауіпсіздік – басты міндет» тақырыбында профилактикалық сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерге:
- Өрт қауіпсіздігі ережелері;
- Жолда жүру ережелерін сақтау талаптары;
Төтенше жағдайлар кезіндегі (жер сілкінісі, өрт, табиғи апаттар және басқа да қауіп-қатерлер) дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Сабақ барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері таныстырылды. Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарын сақтау әр адамның жеке жауапкершілігі екені атап өтілді.
Мұндай профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – студенттердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдауға үйрету.


