Мирас колледжі мекемесінде «САНАЛЫ ҰРПАҚ: ЗАҢ. ТӘРТІП. СЕНІМ» атты онкүндік қарсаңында «Құқық бұзушылық – қоғамға қауіп» тақырыбында мазмұнды лекция ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – білім алушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Тұран АПБ ҚҚБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Мендибаев Бекдаулет Бахтибаевич және Тұран АПБ ҚҚБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Есенбаева Жансая Балабековна қатысты.
Қонақтар құқық бұзушылықтың салдары, жасөспірімдер арасындағы құқықтық жауапкершілік, интернет қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау туралы кеңінен түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Осындай тағылымды кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға зор ықпал етеді.


