Жаңалықтар

Кітап – ғажайып әлем

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай Мирас колледжі мекемесінде кітап көрмесі мен челлендж ұйымдастырылды. mІс-шараның мақсаты – жастарға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, балалар кітабы күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және білімге деген құштарлықтарын ояту. Сонымен қатар, студенттерді кітапты сүюге, қадірлеуге және таза ұстауға тәрбиелеу көзделді.

Шара барысында қатысушылар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтып, викториналық сұрақтарға белсене жауап берді. Кітапханашы жаңа кітаптар көрмесіне шолу жасап, Г.Х. Андерсеннің шығармаларымен және балаларға арналған қызықты журналдармен таныстырды. Кітап – білімнің кілті, рухани қазына!

Мамандық таңда — болашағыңды таңда

2026 жылдың 13 мамырында «Мирас» колледжінде Ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты — мектеп оқушылары мен қонақтарды колледждің білім беру бағдарламаларымен, мамандықтарымен, студенттердің жетістіктерімен және оқу мүмкіндіктерімен таныстыру. Қонақтарды еріктілер қарсы алып, тіркеу жүргізіліп, ақпараттық буклеттер таратылды. Әуезді музыка мен жылы атмосфера кештің сәнін келтірді.

Болашаққа алғашқы қадам — дұрыс мамандық таңдаудан басталады!

Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Мирас колледжі мекемесінде жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне арналған семинар өткізілді. Семинар барысында студенттерге жаз мезгілінде жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, өрттің алдын алу және жеке қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсат – білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жазғы демалысты пайдалы әрі қауіпсіз өткізуге бағыт беру.

Әйтімбетова Гаухар Әлішқызымен кездесу

Шымкент қаласына қарасты Сайрам ауданындағы Өзбек драма театрында жауынгерлік іс-қимыл ардагері, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы Әйтімбетова Гаухар Әлішқызы «Мирас» колледжінде арнайы шақыртуымен қонақта болды.«Шығыстың Алтын жұлдызы» атты кітабының колледж кітапханасына сыйға тартып, оның жазылу тарихымен бөлісті.Кітаптың алғашқы бетіне тілегі мен қол таңбасы жазылды.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Мирас колледжінде мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Худайбергенов Пайзахмат Ирисматович, Айтимбетова Гаухар Алишевна шақырылды. Іс-шара барысында студенттер патриоттық әндер орындап, әсерлі көріністер қойып, би билеп, көрермендерге ерекше рух сыйлады. Ерлік пен елжандылықты дәріптеген бұл шара жоғары деңгейде өтті.

Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Ел тыныштығы сақталып, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Мирас колледжінде мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Кеш барысында студенттер әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттар достығы мен бірлігін насихаттаған мерекелік шара әсерге толы өтті. Баршаңызды Бірлік күнімен құттықтаймыз! Ынтымағымыз нығайып, елімізде әрдайым татулық пен бейбітшілік орнасын!

Суды үнемде – болашақты сақта

30.04.2026 ж. күні YouTube платформасы арқылы онлайн форматта «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында мектептер мен колледждерге арналған эко-сағат өткізілді. Онлайн кездесуге Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – басқарма төрағасы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры, Нұржігітов Нұржан Молдиярович – Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі, Скакова Айжан Амангелдіқызы – эколог, сондай-ақ Қоғамдық палата сарапшылары қатысты.

Mr.John-мен «Communication club»

24.04.2026 күні "Мирас" колледжінде тіл тасымалдаушы Mr.John-мен "Балалық шақ естеліктері" атты тақырыбында кезекті "Communication club" өткізілді.

Эссе: Мемлекеттік қызмет жүйесі, кәсіби даму мүмкіндіктері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы және Шымкент қаласындағы әртүрлі нысаналы топтар деңгейіндегі декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес адалдық академиялық адалдық мәселелеріне арналған, «Мирас» колледжі мекемесінің білім алушылары арасында Мемлекеттік қызмет жүйесі, кәсіби даму мүмкіндіктері тақырыбында эссе жазу жұмысын Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті пән оқытушылары ұйымдастырды.

Білім және еңбек-стратегиялық құндылық:адами капиталды дамыту тақырыбында семинар

«Мирас» колледжінде “Білім және еңбек-стратегиялық құндылық:адами капиталды дамыту” тақырыбында семинар өтті. Семинар барасында Білім мен еңбектің қоғамдағы стратегиялық рөлін түсіндіру, адами капиталды дамытудың маңызын ашу және жеке тұлғаның кәсіби, зияткерлік әрі әлеуметтік тұрғыда қалыптасуына ықпал ету.