Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы; ерте жүктіліктің алдын алу

18.02.2026 ж. күні «Мирас» колледжінде «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы; ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 1 курс білім алушы қыздар арасында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу және оның әлеуметтік салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Кездесуге №13 емхана жанындағы Жастар денсаулық орталығының мамандары шақырылды:

  • Ескараева Замира Шакеновна – дәрігер-гинеколог;
  • Жақыпбекова Жұлдыз Боранбайқызы – психолог.

Кездесу барысында студенттерге репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары, ерте жүктіліктің алдын алу шаралары, сондай-ақ оның әлеуметтік және психологиялық салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар толық жауап беріп, пайдалы кеңестер ұсынды.

Аталған іс-шара студенттердің денсаулығын қорғау және жауапты өмірлік ұстаным қалыптастыру мақсатында өткізілді.