Студент еңбегі: қауіпсіздік, құқық және жауапкершілік

«Мирас» колледжінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Студент еңбегі: қауіпсіздік, құқық және жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттерге еңбек шартының маңызы, жұмысқа орналасу кезінде келісімшарттың заңды түрде рәсімделуі, қызметкердің құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заңсыз жұмыс істеудің салдары, көлеңкелі еңбек қатынастарының қауіптері және құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.

 

Дөңгелек үстелге қатысқан студенттер өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелер бойынша ақпарат алды.

Аталған іс-шараның мақсаты – студенттердің еңбек саласындағы құқықтық білімін арттыру, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілік сезімін дамыту болып табылады.