Жаңалықтар

«Красоты осени» байқауы

Бүгін, 2025 жылдың 12 қарашасында, «Мирас» колледжінде оқу орнының 20 жылдық мерейтойына арналған “Красоты осени” атындағы байқауы өтті.Іс-шара барысында колледждің жетістіктері мен даму жолы таныстырылып, ұстаздар мен білім алушыларға алғыс білдірілді. Мерейтой – өткенге тағзым, болашаққа нық қадам!

Мирас стартапы: білімнен бизнеске

«Мирас» колледжінің 20 жылдық мерейтойына орай! Бүгін колледж базасында «Стартап Мирас: білімнен бизнеске!» атты қалалық стартап-жобалар байқауы өтті. Жобаға қатысқан колледж студенттері өз идеяларын жүзеге асыруда табандылық, инновациялық көзқарас пен креативтілікті көрсетті. Мерейтой аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара студенттердің біліктілігін арттыруға және инновациялық ойлауын дамытуға бағытталды.

Психологиялық денсаулық және көңіл күй күйзелістерінің алдын алу

2025 жылдың 12 қарашасы күні «Психологиялық денсаулық және көңіл күй күйзелістерінің алдын алу» тақырыбында «Отау Мед» және «Вип Сервис 17» клиникаларының психолог-дәрігерлері — Әбішова Ақжарқын Доқтырбаевна мен Тоқан Ұлбосын Нұрғалиқызы студенттермен кездесу (жиналыс) өткізді.Кездесу барысында мамандар психологиялық денсаулықты сақтау, күйзелістің алдын алу жолдары, эмоциялық тұрақтылықты дамыту тәсілдері жөнінде кеңес беріп, студенттермен ашық пікір алмасты.                          

Мирас колледжіне – 20 жыл!

Бүгін, 2025 жылдың 10 қарашасында, «Мирас» колледжінде оқу орнының 20 жылдық мерейтойына арналған ашылу салтанаты өтті. Бұл айтулы шара колледж тарихындағы маңызды кезең болып табылады. Іс-шара барысында колледждің жетістіктері мен даму жолы таныстырылып, ұстаздар мен білім алушыларға алғыс білдірілді. Мерейтой – өткенге тағзым, болашаққа нық қадам!

Спартакиада

Бүгін, 2025 жылғы 10 қарашада, «Мирас» колледжінде оқу орнының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл айтулы күн колледж тарихындағы маңызды белес болды. Іс-шара аясында колледждің жетістіктері мен даму жолы таныстырылып, оқытушылар мен білім алушыларға алғыс білдірілді. Мерейтой — өткенге құрмет, болашаққа нық қадам!

Қызықты экскурсия

29.10.2025 жылы «01140100 – Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» және «01120100 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1-курс студенттері (МТ-251 г, ББ-251 топтары) мамандықпен танысу мақсатында Шымкент қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі №35А мекенжайында орналасқан №69 «Еркебұлан» бөбекжай-бақшасына қызықты экскурсия жасап қайтты.

Тәуелсіздік – Мәңгілік Елдің тұғыры

"Мирас" колледжі" мекемесінде 2025 жылдың 24 қазан күні Республика күніне және Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай «Тәуелсіздік – Мәңгілік Елдің тұғыры» атты концерттік бағдарлама өтті.

Әнұран шырқалып

"Мирас" колледжі" мекемесінде 2025 жылдың 24 қазан күні Республика күніне және Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы аясында колледжде әнұран шырқалып, колледж директоры студенттер мен оқытушыларды мерекемен құттықтады.

Таза Қазақстан

«Мирас» колледжі» мекемесінің студенттері «Таза Қазақстан» акциясы аясында саябақтар мен аула маңын тазалау жұмыстарын жүргізді.Студенттер белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

Қыран елім – Қазақстаным

«Мирас» колледжі» мекемесінде 2025 жылдың 24 қазан күні Республика күніне және Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай «Қыран елім – Қазақстаным» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Бұл шара студенттердің жүрегіне отансүйгіштік рух ұялатып, ел тәуелсіздігінің қадірін сезінуге мүмкіндік берді.