Жаңалықтар

Закладчик және есірткіге қарсымыз

"Мирас" колледжі мекемесінде «Закладчик және есірткіге қарсымыз!» тақырыбында студенттерге тәрбиелік бағыттағы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, заңсыз әрекеттердің қауіптілігін түсіндіру және алдын алу жұмыстарын күшейту.

«Дропперлікке» қарсы күрес

«Мирас» колледжі мекемесінде заңсыз қаржылық әрекеттерге, соның ішінде «дропперлікке» қарсы күрес бойынша студенттерге деректі бейнематериалдар көрсетілді.

ЖИТС мәселелері және оның алдын алу шаралары

Бүгін «Мирас» колледжі мекемесінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес бойынша санитарлық-ағарту жұмысы өткізілді. Мамандар «ЖИТС мәселелері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында ақпарат беріп, студенттерге маңызды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кибербуллингке жол жоқ!

"Мирас" колледжі мекемесінде «Кибербуллингке жол жоқ!» тақырыбында студенттерге арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, онлайн қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды интернеттегі агрессиядан, қысымнан және киберқорлаудан қорғау, жауапты онлайн мінез-құлық қалыптастыру және қауіпсіз цифрлық орта құруға үлес қосу.

Алкоголизм мен лудомания: жастарды тәуелділіктен сақтандыру жолдары

"Мирас" колледжі мекемесінде «Алкоголизм мен лудомания: жастарды тәуелділіктен сақтандыру жолдары» тақырыбында арнайы бейнематериалдар көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – жастарды зиянды әдеттердің салдарынан сақтандыру, тәуелділіктің алдын алу жолдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» – Сапарғали Бегалинге 130 жыл

«Мирас» колледжінде қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты танымдық шара өтті. Іс-шараның мақсаты:оқырмандарды С.Бегалиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; оның өлеңдері мен әңгімелеріндегі өнегелі ойларды насихаттау;оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу;мақал-мәтелдерді жалғастыру арқылы қызығушылықты арттырып, белсенді оқырман қалыптастыру.

«АЛАШТЫҢ ШЫНАРЫ» – Міржақып Дулатұлына 140 жыл

Мирас колледжінде Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, ақын, жазушы, публицист Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Алаштың шынары» атты дөңгелек үстел мен кітап көрмесі өтті.Іс-шараның мақсаты –Міржақып Дулатұлының бай әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру,оның ағартушылық және қоғамдық қызметін насихаттау,ұлттық сананы оятқан шығармаларының маңызын ашу.

Антибиотиктерді дұрыс қолдану

Мирас" колледжі мекемесінде антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар антибиотиктерді жауапты пайдалану, олардың ағзаға әсері және антибиотикке төзімділіктің алдын алу мәселелерін талқылады.Студенттер белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, маңызды ақпарат алды.

Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау — болашақтың кепілі!

Антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау

Бүгін “Мирас” колледжінде Антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау апталығы аясында спорттық-сауықтыру жаттығулары өткізілді. Іс-шараның мақсаты — жастар арасында антибиотиктерді жауапкершілікпен қолдану туралы түсінікті арттыру және салауатты өмір салтын қолдау.Студенттер белсенді қатысып, сергіп, пайдалы ақпарат алды.

Денсаулық – әркімнің қолында!