Жаңалықтар

Антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау жөніндегі Дүниежүзілік апталық

Мирас» колледжінде 2025 жылдың 20 қарашасында «Антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау жөніндегі Дүниежүзілік апталық» аясында студенттер арасында семинар өтті. Семинар барысында антибиотиктердің дұрыс қолданылуы, өзін-өзі емдеудің зияны, сондай-ақ антибиотиктерге төзімділіктің қауіптілігі туралы маңызды мәліметтер берілді. Іс-шара студенттердің денсаулық мәдениетін арттыруға және дәрі-дәрмектерді жауапкершілікпен қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

ДИПФЕЙКТЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАУІПТЕР

2025 жылдың 19 қараша күні «Мирас» колледжі» мекемесінде «ДИПФЕЙКТЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАУІПТЕР» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – қатысушылардың цифрлық медиадағы жалған контенттің түрлерін, соның ішінде дипфейктердің жасалу жолдарын, таралу механизмдерін және олардан туындайтын қауіп-қатерлерді түсіну деңгейін арттыру. Сонымен қатар семинар ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жалған ақпаратты тану дағдыларын дамыту және цифрлық ортада жауапкершілікпен әрекет етуге үйретуді көздеді.

Студенттік арнау кеші

Мираc» колледжінде ерекше мерекелік шара — Студенттер күні мен Мираc колледжінің 20 жылдық мерейтойына арналған студенттік арнау кеші өтті. Бұл кеш студенттердің шығармашылығы мен белсенділігін көрсеткен қуанышты, әсерлі мереке болды. Барша студенттерді Студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Заң және тәртіп

2025 жылдың 13 қараша күні «Мирас» колледжінде оқу ордамыздың 20 жылдық мерейтойы аясында «Заң және тәртіп» тақырыбында студенттер арасында мазмұнды семинар өтті. Іс-шара барысында жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және қоғамдағы тәртіптің маңызы туралы құнды ақпараттар берілді. Студенттер белсенді түрде пікір алмасып, өз құқықтары мен міндеттері жөнінде тереңірек мағлұмат алды. Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапты азамат ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосады.

Жарнама агенті – студенттік нұсқа

2025 жылғы 13 қарашада «Мирас» колледжінде колледждің  20 жылдық мерейтойына арналған «Жарнама агенті – студенттік нұсқа» байқауы өтті, сондай-ақ 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлерінің күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара екі маңызды мерекені біріктіріп, студенттерге шығармашылық жарнамалық жобаларын таныстыруға мүмкіндік берді.

English Mastery Challenge

2025 жылдың 13 қараша күні "English Mastery Challenge" тақырыбында «Мирас» колледжінің 20 жылдық мерейтойына орай ағылшын тілі пәні бойынша шетелдік мұғалімнің қатысуымен зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.Мақсаты: Студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларын дамыту, шетелдік маманмен еркін қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беру және халықаралық мәдениетпен таныстыру.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуына ойын арқылы ықпал ету

13.11.25 «Мирас» колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша «Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуына ойын арқылы ықпал ету» тақырында студенттерге арналған семинар-тренинг өтілді. Студенттерге ойынның мектепке дейінгі балалардың дамуына әсері туралы түсінік беріліп, ойын түрлерін қолдану арқылы танымдық, тілдік және әлеуметтік дағдыларды дамыту жолдарын көрсетілді. Студенттер кері байланыс жасап, өз ойларын ортаға салды.

Колледж ішілік дебат

Бүгін, 2025 жылдың 12 қарашасында, «Мирас» колледжінде оқу орнының 20 жылдық мерейтойына орай Бастауыш білім беру мамандығының студенттері арасында дебат өтті.

Талқылау барысында қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі — мектеп формасы жайлы пікірлер ортаға салынды.Ойын соңында үздік пікірталасшылар анықталып, жеңімпаздар марапатталды!

Дизайнер-Эскиз

Бүгін, 2025 жылдың 12 қарашасында, «Мирас» колледжінде оқу орнының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандығының студенттері арасында “Дизайнер-Эскиз” атты конкурс өтті.Конкурс студенттердің сән үлгілеу және сурет салу бағытындағы шығармашылық қабілеттерін дамытуға және эскиз салудағы жылдамдық, дәлдік пен эстетикалық талғамды қалыптастыруға бағытталған. Сайысқа түскен қатысушыларымыз жүлдері орындармен марапатталды.