«САНАЛЫ ҰРПАҚ: ЗАҢ. ТӘРТІП. СЕНІМ» атты онкүндік аясында «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» тақырыбында тазалық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында студенттер белсенділік танытып, оқу орны аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Әр аудиторияға жеке қоқыс салатын пакеттер таратылып, қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Тазалық – тек қоршаған ортаға деген қамқорлық қана емес, ол – әрбір саналы азаматтың жауапкершілігі. Табиғатты аялау – болашаққа жасалған маңызды қадам.


