Біз жайында

 
 

 

 


 

Қашықтықтан оқыту бойынша қолдау

Колледжді қашықтықтан оқыту (ҚО) тәртібіне көшкен жағдайда, студент орталықты оқыту идеяларын жүзеге асыра отырып, Мирас колледжі мекемесінің ұжымы келесі жұмыстарды жүргізеді.

College  SmartNation платформасы аясында колледждің білім алушысы лекцияларға және басқа да теориялық материалдарға, тесттерге және үй тапсырмаларына қол жеткізеді. Платформа колледж оқытушылары мен студенттері үшін өте ыңғайлы. 

 

1. College SmartNation платформасында оқу процесінің кестесі бойынша барлық ақпарат орналастырылған:

  • оқытушылар тізімі;
  • сабақ кестесі;
  • топтардың атауы;
  • әр топ студенттерінің саны;
  • электрондық журнал;
  • тапсырмаларды орналастыру;
  • бағалау, бағалауға түсініктеме.

2. Платформаның көмегімен күн сайын студенттер бойынша мониторинг жүргізіледі:

  • белсенділік;
  • қатысу;
  • тапсырма үлгілері.

3. Платформада электронды кітаптарды орналастырумен, электрондық кітапхана қойындысы бар, оларды кез келген уақытта студенттер мен оқытушылар ашық түрде пайдалана алады.

4. Колледжде YouTube арнасы бар. Мұнда студенттер мен оқытушыларға арналған осы платформаны пайдалану бойынша бейне нұсқаулықтар орналастырылған.

 

Қажет болған жағдайда әрдайым оқытушымен байланысуға және өткен немесе оқытылатын материал бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ колледж оқытушылары білім алушыларға телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып әдістемелік көмек көрсетеді (арнайы бейне сабақтар, түсіндіру жұмыстары). Студенттер мен педагогтарды қолдау үшін колледж қашықтықтан оқыту кезінде әр түрлі бағдарламалар (WhatsApp, Zoom, Skype, mail.ru, google.com, YouTube) қолдана алады.

Карантин уақытында үйлеріне кеткен, аймақтағы студенттер тұрақты интернет қосылысы немесе жоғары жылдамдықтар болмаған жағдайда лекциялар мен тапсырмаларға қол жеткізуге және орындалған жұмысты өздеріне ыңғайлы уақытта жіберуге мүмкіндігі бар. Оқытушылар әрдайым байланыста.

 

Оқу-әдістемелік кешендерді, тестілерді, сандық білім беру ресурстарын жүктеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. ПОӘК (пәннің оқу-әдістемелік кешендері) және тапсырмалар College Smartnation платформасында уақытылы орналастырылады. Білім алушылар сол күні оқытушыдан кері байланыс алады. Сабақтар кесте бойынша өткізіледі.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша білім алушылардың ата-аналарымен тұрақты байланыс жүргізіледі, кез келген пайдалы және қажетті көмек көрсетіледі. Студенттердің сабаққа қатысуы және үлгерімі бойынша барлық ақпарат әрдайым ашық түрде беріледі.

Использование платформы Smart Nation при дистанционном обучении (Для студентов!)lightbox[social 640 486]Facebook::Face videos

CollegeSmartNation порталында жұмыс істеу бойынша онлайн-тренинг (21.03.2020 жазба)lightbox[social 640 486]Facebook::Face videos

Жаңалықтар

«Мирас» колледжі мекемесінде Жаңа жыл мерекесіне орай "Кел, төрлет Жаңа жыл!" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында колледжіміздің білім алушылары өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар ...
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Үздіктер шеруі–2023» салтанатты шарасына қатысып, биылғы жылдың қорытындысы бойынша білім саласында кәсіби жетістіктерге жеткен жеңімпаздарды марапаттады. Жаңа жыл ...
26.12.2023жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастауымен, Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер мен жастар арасында девиантты ...
25.12.2023 жылы «Мирас » колледжі мекемесінде «Кітаптар әлемінде» атты  жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқырман қауымды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға тарту, ...
«Мирас» колледжі мекемесінде колледж президенті Октамов Зафар, өзін-өзі басқару және бақыт фракциясының министрі Тасболат Жамал, экология және еңбек фракциясының министрі Асанхан Айда және қыздар ...
Тәуелсіздік қастерлі ұғым.Бұл күн-сан ғасырлардан бері ата-бабаларымыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
Қалалық Білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  «Sanaly urpaq»  клубтарының слеті Шымкент қаласы білім басқармасының «Жол-көлік колледжінде салтанатты іс-шарамен  ...
Ағымдағы жылдың  12-13 желтоқсан күндері Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы ТжКБ департаменттің ұйымдастыруымен  «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және стратегиялық ...