Болашаққа бағытталған тәрбиелі, саналы ұрпақ – ел дамуының берік негізі. Осы мақсатта студенттерге арналған «Тәрбиелі ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылып, тәрбиенің қоғамдағы маңызы туралы кеңінен сөз қозғалды. Қатысушыларға мотивациялық бейнеролик көрсетіліп, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған ойлар ұсынылды. Сонымен қатар, студенттер арасында танысу тренингі ұйымдастырылып, еркін пікір алмасу алаңы құрылды.
Кездесу студенттердің белсенді қатысуымен өтіп, өзара ой бөлісуге, жаңа көзқарастар қалыптастыруға мүмкіндік берді.


