Жаңалықтар

«WorldSkills Shymkent – 2026» өңірлік чемпионаты

Шымкент қаласында 2026 жылдың 8–12 маусымы аралығында жұмысшы және кәсіби мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында «WorldSkills Shymkent – 2026» өңірлік чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа қаланың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысып, түрлі құзыреттіліктер бойынша өз білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті.

Эколог сағаты

Экология департаменті ұйымдастырған «Эколог сағаты» аясында "Мирас" колледжінің студенті Аширалиев Еркебұлан «Қоқысты сұрыптау арқылы экологияны сақтау» тақырыбында баяндама қорғады. Іс-шара барысында қалдықтарды дұрыс сұрыптаудың маңызы түсіндіріліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Экологияны қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.

Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні

2026 жылғы 5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай Шымкент қалалық колледж студенттері арасында Қошқар ата өзенінің жағалауында «Эколог сағаты» республикалық акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты аялау құндылықтарын насихаттау. Акция барысында студенттерге қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, экологиялық мәселелерді шешудегі әр азаматтың рөлі кеңінен талқыланды.

Отан қорғау – абыройлы міндет

02.06.2026 жылы «Мирас» колледжінде студенттерге арналған «Отан қорғау – абыройлы міндет, ер азаматтың қасиетті борышы» атты тағылымды кездесу өтті. Кездесуге әскери сала мен ардагерлер қауымының өкілдері қатысып, жастарға әскери қызметтің маңызы, Отан алдындағы жауапкершілік және әскери мамандықтың артықшылықтары туралы құнды ақпарат берді. Сонымен қатар, 6506 әскери бөлімінің әскери оркестрі әсерлі музыкалық бағдарлама ұсынып, патриоттық рух сыйлады.

Репродуктивті денсаулық, мерездің алдын алу, АИТВ инфекциясының алдын алу

26.05.2025 күні Мирас колледжінде “Репродуктивті денсаулық, мерездің алдын алу, АИТВ инфекциясының алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында студенттерге мерез ауруының алдын алу жолдары, АИТВ инфекциясынан сақтану, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Қатысушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, интерактивті ойындар мен пікірталастар өткізілді.

Суицид пен лудоманияның мәселелері

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы суицид пен лудоманияның алдын алу бойынша жастармен кездесу колледжінде өтті.

Кездесудің мақсаты – жастар арасында психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, өмірге деген оң көзқарасты нығайту және зиянды тәуелділіктердің алдын алу. Іс-шара барысында жоба координаторы Ильяс Роза Исламбекқызы сөз сөйлеп, жастарға қоғамдағы өзекті мәселелердің маңыздылығын түсіндірді.

Үздік оқырман» сайысы

«Үздік оқырман» сайысы. Тақырыбы: "Уақыт, адалдық ,тәрбие-табыстың үш тірегі".

Мақсаты: Білім алушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру.

Білім алушыларға адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы адалдық пен әділдік жөнінде ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударту.

Мирас колледжі – болашаққа бастар сенімді қадам

«Мирас» колледжінің өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласына арнайы іссапармен барып, қала мектептерінің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға колледж мамандықтары, білім беру мүмкіндіктері, студенттік өмір мен заманауи оқу үдерісі туралы толық ақпарат берілді. Болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, талапкерлердің қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

Ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 18 мамырда оқытушылар арасында өткен ғылыми-практикалық конференция аясында үздік педагогтерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Конференцияға қатысқан оқытушылардың жұмыстары бағаланып, жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Марапат иелерін шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!