Жаңалықтар

Тәлімгерлік сағат

«Мирас» колледжі» мекемесінде 2025 жылдың 24 қазан күні Республика күніне және Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35жылдығына орай ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді. Іс-шара барысында студенттер Республика күні мерекесінің маңызы мен тарихымен танысып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухтарын нығайтты.

Зорлық-зомбылық пен буллингтің салдары,қылмыстық жауапкершілік

14.10.2025ж. күні Тұран АПБ ҚКБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Мендибаев Бекдаулет Бахтибаевич, Тұран АПБ ҚКБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция аға лейтенанты Есенбаева Жансая Балабековна, Шымкент қаласы Білім басқармасы психологиялық қолдау орталығының психологы Адраимова Жансая қатысуымен, "Мирас" колледжінде кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттермен кибер қылмыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік, есірткі қолданудың қауіптері, зорлық - зомбылық пен бәллингтің салдары, сондай - ақ аталған тараптарға байланысты арнайы маманмен психологиялық тестілеу өткізілді.

«Validate Before You Build: стартап-идеяңды тез тексерудің жолдары» тақырыбында шебер сынып

Мирас» колледжі мекемесінің «06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығының 1 курс, БҚ-251.1,2 г тобының білім алушылары 13.10.25 жылы "DIGITAL ROAD" IT-ИНДУСТРИЯ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" ЗТБ" мемекесінде ұйымдастырылған «Validate Before You Build: стартап-идеяңды тез тексерудің жолдары» тақырыбындағы шебер сыныпқа қатысты.

Ерте жүктіліктің алдын алу 2025

«Мирас» колледжінде «Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары, қыздардың репродуктивті денсаулығын сақтау дағдыларын қалыптастыру, қыздар гигиенасы» тақырыбында ақпараттық жиналыс өткізілді. Кездесуді ЖШС «Vip Service 17» медициналық орталығының гинекологы. Садбенова Гулзат Журнбаевна жүргізді. Жиында қыз балаларға өз денсаулығын күту, ерте жүктіліктің алдын алу, жеке гигиена мен жауапкершілік, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы маңызды мәліметтер берілді. Мұндай кездесулер – жастардың саналы, салауатты өмір салтын ұстануына үлкен үлес қосады.

Мұғалімдер күні 2025

2025 жылдың 3 қазан күні «Мирас» колледжінде Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн – ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға деген алғыс пен құрмет күні.

Мерекелік шара барысында колледж басшылығы мен студенттер ұстаздарға ыстық ықыластарын білдіріп, алғыс хаттарын табыстады. Концерттік бағдарламада студенттердің әні мен биі, арнау өлеңдері мен көріністері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Дүниежүзілік туризм күні 2025

2025 жылдың 25 қыркүйегінде "Дүниежүзілік туризм күніне" орай, "Туризм" мамандығының 1 курс студенттерімен Шымкент қаласына автобуспен экскурсия жасалынды. Бұл экскурсияның мақсаты: стууденттерге "Туризм" мамандығы бойынша теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мүмкіндігін беру, қаланың мәдени, тарихи, архитектуралық нысандарымен таныстырып, туған өлке туралы білімдерін тереңдету, Шымкент қаласындағы туристік әлеуеті бар орындарды көрсетіп, олардың ерекшеліктерін түсіндіру, болашақ туризм мамандары ретінде экскурсия ұйымдастыру мен оны жүргізу тәжірибесін көрсету, сонымен қатар, студенттердің бір-бірімен және оқытушылармен қарым-қатынасын нығайту, топта жұмыс істеу қабілетін дамыту және мамандығына деген сүйіспеншілігін арттырып, мотивация беру.

Президент сайлауы

2025 жылғы 19 қыркүйекте «Мирас» колледжі мекемесінде студенттер арасында дәстүрлі Колледж Президентінің сайлауы өтті. Бұл маңызды шараға студенттер белсенді түрде қатысып, өз таңдауларын жасады.Сайлау науқаны барысында үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге жеткілікті уақыт беріліп, әділ әрі ашық дода ұйымдастырылды. 2025 жылғы 23 қыркүйекте, колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна дауыс беру нәтижелерін ресми түрде жариялап, жаңа Президенттің есімін атады.

Мистер Джонмен кездесу

2025 жылдың 19 қыркүйегінде шет ел мұғалімімен, студенттер кездесуге қатысты. Шараның негізгі қонағы мырза Джон Жетістік пен сәтсіздік тақырыбында ой бөлісті.

Ата-аналар жиналысы

2025 жылдың 19 қыркүйек күні «Мирас» колледжінде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында барлық білім алушылардың ата-аналарына колледждің ішкі және сыртқы тәртібі, оқу жүйесі таныстырылды. Колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна ата-аналармен танысып, жаңа оқу жылымен құттықтап, олардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен колледж ынтымақтастығы – табыстың кілті!