«Мирас» колледжі мекемесінде Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз — Ұлттық киім күні ерекше мәнде аталып өтті. «Дәстүрлі киім – мәдени мұра» тақырыбында ұйымдастырылған шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
«Мирас» колледжі мекемесінде Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз — Ұлттық киім күні ерекше мәнде аталып өтті. «Дәстүрлі киім – мәдени мұра» тақырыбында ұйымдастырылған шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай «Мирас» колледжі студенттері мен оқытушылары 3 отбасыға көмек көрсетіп, қуаныш сыйлады. Бұл бастама – мейірім мен жанашырлықтың, бірліктің айқын көрінісі.
Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні қарсаңында «Мирас» колледжі ТМ-251.2г тобының студенттері «Бақытқа бастайтын бағалы сәт» тақырыбында тәрбиелік мәні бар көрініс қойды. Көрініс барысында ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрдің маңызы насихатталып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Мирас колледжі мекемесінде Наурызнама онкүндігі аясында алғашқы мереке — Көрісу күні аталып өтті. Ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында колледж студенттері мен ұстаздары «Көрісу» челленджін ұйымдастырып, бір-біріне ақжарма тілектерін білдіріп, амандасып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетті.
Мирас колледжінде «Адал адам – адал азамат», «Заң және тәртіп» тақырыптары аясында тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға Тұран ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Болатбек Қуанышбекұлы Тастемир, Жастар ресурстық орталығының оқу орындарымен жұмыс жүргізу бөлімінің инспекторы Әсел Жаңабайқызы Төребек, сондай-ақ Тұран АПБ ҚҚБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Бекдаулет Бахтибаевич Мендибаев қатысты.
Колледж студенттеріне Шымкент қаласының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 5 ақпандағы тапсырмасына сәйкес, «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильмдері көрсетіліп, барлық колледж студенттерін қамтыды.
Бүгін «Мирас» колледжі мекемесінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Мерекелік іс-шара барысында студенттер ән айтып, би билеп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көктемнің шуақты мерекесі барша қатысушыларға қуаныш пен жылы әсер қалдырды.
26.02 күні Мирас колледжі мекемесінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа формация маманы» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты – жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан заманда бәсекеге қабілетті, цифрлық құзыреттілігі жоғары, сыни ойлай алатын және кәсіби тұрғыда икемді маман моделін айқындау болды.
«Мирас» колледжі» мекемесінде Алғыс айту күні қарсаңында білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, мазмұнды тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілді. Топ сағаты барысында бағдарламаның негізгі құндылықтары кеңінен насихатталып, білім алушыларға адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық сынды қасиеттердің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар мәдениет пен білімнің, ғылым мен инновацияның қоғам дамуындағы басымдығы ерекше атап өтілді.
"Мирас" колледжі" мекемесінде жер сілкінісі мен өрт шығу жағдайларына байланысты дала жаттығу жиыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылар мен қызметкерлерді төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету, қауіпсіздік шараларын сақтау дағдыларын қалыптастыру және жедел эвакуациялау тәртібін пысықтау болды.