05.12.2025ж WorldSkills Kazakhstan 2025 — 2-күн! Бүгінгі күн шынайы шайқас, стиль мен шеберліктің тартысына толы болды!
Шаштараз ісі құзыреттілігінің бүгінгі тапсырмалары:
Модуль A — Әйелдерге арналған коммерциялық шаш қию (түспен).
Ұқыптылық, заманауи стиль және клиенттік бейнені мінсіз сезіну.
Ерлерге арналған классикалық машинкалық шаш қию.
Дәлдік. Таза сызық. Ерлер стилінің алтын стандарты.
Модуль C — Тақырыптық прическа + құпия тапсырма!
Бұл жерде қатысушылардың қиялы шектеусіз. Әр қимыл — сюрприз, әр нәтиже — өнер!
Ал осы күрделі кезеңдерде бізді тағы да қуантқан — Мирас колледжінің намысын қорғап жатқан Рустамова Малика!
Малика бүгін ерекше сенімділікпен жұмыс жасап, шеберлігін жаңа деңгейге көтерді.
Мақтанышымыз, біз сенімен біргеміз!
Алға, Малика! Жеңіс жақын!
Бүгінгі күн – «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігінің қатысушылары үшін жаңа шыңдарды бағындыру күні!
Модуль А — Сабақ фрагментін әзірлеу, әдістемелік сүйемелдеу және өткізу
2-сыныпқа арналған жаңа білімді ашу кезеңі, интерактивті жабдықтар арқылы оқушыларға қызықты, есте қаларлық, заманауи сабақ ұсыну міндеті.
Таңдау пәндері:
- «Қазақ тілі» / «Русский язык»
- Математика
- Әлеуметтік-танымдық пән (Естествознание)
Ал біздің аренадағы жұлдызымыз — Мирас колледжінің қатысушысы Ғазизқызы Асылзат!
Асылзат бүгін өз педагогикалық шеберлігін жарқыратып, жаңа білімді балаларға қызықты әрі тиімді жеткізді.
Бұл тек сабақ емес, бұл шығармашылық, шабыт және болашаққа батыл қадам!
Алға, Асылзат! Жеңіс – сенің қолыңда!


