WorldSkills Kazakhstan 2025 – финал!

06.12.2025 — WorldSkills Kazakhstan 2025 Чемпионаттың соңғы күні нағыз шиеленісті әрі шабытқа толы сәттер өтті.

«Шаштараз өнері» — Модуль Е финал

Мирас колледжінің жарқыраған жұлдызы — Рустамова Малика! Перманенттің нәзік толқыны, стрижканың дәлдігі,укладканың мінсіз үйлесімі —бәрі Маликаның шебер қолынан туған сұлулықтың көрінісі.Ол — өнерге жан бітіретін талант,әр клиенттің бейнесін жарқырататын шебер,сахнада өз стилін батыл көрсететін нағыз професионал.Сұлулықты жасайтын — жүрек.

Стильді қалыптастыратын — шеберлік.Ал бүгін бұл екеуін біріктірген — Малика!


 

Чемпионаттың соңғы күні «Бастауыш сыныптарда оқыту құзыреттілігі» бағыты бойынша нағыз тартысты әрі шабытқа толы сәттер өтті.Осы құзыреттілік бойынша жарысып, өз білімін, шеберлігін және педагогикалық әлеуетін жарқырата көрсеткен — Мирас колледжінің студенті Ғазизқызы Асылзат! Модуль C тапсырмасында Асылзат оқушылардың жобалау-зерттеу қызметіне арналған жоба паспортының кәсіби әрі шығармашылық тұрғыда әзірлемесін сәтті қорғап шықты.Интернетсіз-ақ, таза білім мен педагогикалық дағды — Асылзаттың басты күші!

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің жарқын қадамына қуаныштымыз!