WorldSkills Kazakhstan 2025 – Ресми ашылу

Бүгін, 3 желтоқсан күні, Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде көптен күткен WorldSkills Kazakhstan 2025 X Республикалық чемпионатының ашылу салтанаты өтіп жатыр! Бұл – еліміздің ең үздік жас мамандары бір алаңда жиналып, кәсіби шеберлік пен инновацияның жаңа деңгейін көрсететін тарихи сәт.

 

Жүздеген қатысушы, мыңдаған мүмкіндік – барлығы осы үлкен мерекеде тоғысады. Шымкент қаласы командасында біздің «Мирас» колледжінің талантты қатысушылары да бар. Біз жас шеберлеріміздің білімін, дағдысын және жаңашылдығын елімізге таныстыруға дайын екенімізді мақтанышпен хабарлаймыз.

Бүгін – бастауы. Ертең – нәтижесі. WorldSkills – болашаққа сеніммен!