Бүгін «Мирас» колледжінде «Ерлер денсаулығы, ерте жыныстық қатынастың зияндылығы және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар» тақырыбында маңызды семинар жүргізілді. Семинарды «VIP Service 17» клиникасының дәрігер-хирургі Дариев Абуали Базарбайұлы өткізді.
Іс-шара барысында:
- ерте жыныстық қатынастың денсаулыққа әсері;
- ерлер денсаулығын сақтау жолдары;
- жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу;
- жауапты мінез-құлықтың маңызы;
- туралы кең көлемді ақпарат берілді.
Студенттер маманға сұрақтар қойып, өздеріне маңызды мәселелер бойынша толық жауап алды. Осындай ағартушылық шаралар жастардың денсаулығын қорғауға, дұрыс өмірлік дағдылар қалыптастыруға ықпал етеді.



