«Мирас» колледжі мекемесінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің «2024 – 2026 жылдарға арналған жазғы сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру жөніндегі» әдістемелік ұсынымына, Шымкент қаласы білім басқармасының 2025 жылдың 21 мамыр № 294 н/қ бұйрығына сәйкес , 2025 жылдың 26 мамыр күні «PROFSTART» жобасы аясында кәсіби бағдар беруге бағытталған жазғы оқу лагері өз жұмысын ресми түрде бастады! Әр күн-бір мамандыққа арналған, түсіндіру жұмыстары мен ойындар арқылы балаларды мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жүргізілуде. Балалардың жазғы демалысы мазмұнды әрі қауіпсіз өтеді деген сенімдеміз.
Жаңалықтар
Ұлы Жеңіс – мәңгілік тағзым
2025 жылдың 20 мамыр күні «Мирас» колледжі» мекемесінде «Ең үздік оқырман»«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Ұлы Жеңіс – мәңгілік тағзым» атты. Жеңістің 80-жыл толуына орай байқау жарияланды. Мақсаты: Жастарға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Жастарды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
WorldSkills Shymkent - 2025 қорытындылары
«Мирас» колледжі мекемесі «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілген «WorldSkills Shymkent - 2025» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңіне 9 құзыреттілік бойынша 19 студент қатысып 11студент жүлделі орындар алған болатын. Осыған орай «Мирас» колледжі мекемесінің Құрылтайшысы атынан жеңімпаздарға сыйақы табысталды!!! Құттықтаймыз!!! Жеңістеріңізқ ұттыболсын!!!
Конкурс WorldSkills Shymkent - 2025
12.05.2025 – 16.05.2025 ж. күндері аралығында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «WorldSkills Shymkent - 2025» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңі өткізілді. «WorldSkills Shymkent - 2025» чемпионатында жалпы 40 құзыреттілік бойынша 239 қатысушы бақтарын сынады. Чемпионат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, қызмет көрсету саласы, білім беру, медицина, шығармашылық және дизайн, құрылыс индустриясы, көлік және логистика бағыттары бойынша өткізілді.
WorldSkills Shymkent - 2025
12.05.2025 – 16.05.2025 ж. күндері аралығында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «WorldSkills Shymkent - 2025» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңі өткізілуде. «WorldSkills Shymkent - 2025»: «Мирас» колледжі мекемесінде 2 құзыреттілік бойынша чемпионат өтуде.
"Ұлы Жеңістің" 80 жылдығы
"Мирас" колледжінде "Ұлы Жеңістің" 80 жылдығына орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР әскери комиссарының полковнигі Худайберегнов П.И , Ауғанстан соғыс ардагерлері Абдрасилов Қ.Қ., және Мендигулов С.И., ҚР 2-ші ранг капитаны Джиенбаев А арнайы шақырылды.
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлік күні
2025 жылдың 30 сәуір күні «Мирас» колледжі» мекемесінде «1 мамыр-Қазақстан халқының бірлік күні» мейрамы аталып өтті. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Бозбала мен Бойжеткен
2025 жылдың 23 сәуір күні «Мирас» колледжі» мекемесінде «Бозбала мен Бойжеткен» сайысы өтті. Сайыста өз өнерлерін көрсетіп топты жарып шығып.
Нашақорлықтың зияндылығын насихаттау
2025 жылдың 22 сәуір күні «Мирас»колледжі» мекемесінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Нашақорлықтың зияндылығын насихаттау" тақырыбында Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Саматаева Гульнар Ерғазықызы және де Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс жасау бөлімінің маманы Нұралы Бақдәулет Абдіғаппарұлымен кездесу өтті.
Әскери далалық оқу-жаттығу жиындарының жабылу салтанаты
2025 жылдың 18 сәуір күні “Мирас” колледжі” мекемесінде әскери далалық оқу-жаттығу жиындарының жабылу салтанаты өтті. Бұл оқу-жаттығу жиынынан студенттер саптық даярлық, әскери тактика негіздері, қарумен жұмыс жасау, тәртіп пен жауапкершілік- осының бәрі студенттердің бойында патриоттық рухты қалыптастырып, Отан алдындағы парызды сезінуге жол ашты.

