«Мирас» колледжі мекемесінде «Есірткі – жастықтың жұлын құрты» тақырыбында студенттерге арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, зиянды заттардың адам денсаулығына және болашаққа тигізетін кері әсері түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты – жастарды есірткіден сақтандыру, дұрыс таңдау жасауға бағыттау және салауатты өмір салтын насихаттау.

