WorldSkills Kazakhstan 2025 – 1-күн

04.12.2025ж – WorldSkills Kazakhstan 2025 старт алды – білім мен шығармашылықтың үлкен аренасы! Бүгін чемпионатты күткен сол ерекше сәт — 1-күннің тапсырмалары ресми түрде старт алды!

«Шаштараз өнері» құзыреттілігі бүгін шын мәнінде шығармашылыққа толы:

  • Модуль B — ұзын шашқа арналған әйелдер бейнесі, күрделі форма мен жарқын түс үйлесімі
  • Модуль D — ерлерге арналған креативті шаш қию, батыл түс пен стильді укладка

Ал біз үшін осы күннің ең басты кейіпкері — Мирас колледжінің қатысушысы Рустамова Малика!

Ол бүгін өзінің шеберлігі мен фантазиясын көрсетіп, нағыз өнер туындысын жасауда. Маликаға сәттілік тілейміз! Жеңіс те, шабыт та өзіңмен бірге болсын!


 

 

«Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігінің алғашқы күнінде қатысушылар өздерінің нағыз педагогикалық суперқабілеттерін танытты!

1-күннің басты тапсырмасы — Модуль В

Болашақ мұғалімдер:

  • эстетикалық;
  • экологиялық;
  • адамгершілік бағыттарының бірін таңдап,

Балаларға арналған керемет, мазмұнды, тәрбиелік іс-шара әзірлеп өтті.

Жай ғана іс-шара емес —

  • интерактивті жабдықтар,
  • заманауи әдістер,
  • балалардың қызығушылығын бірден оятатын форматтар!

Ал осы шығармашылық додада жарқ етіп тұрған біздің жұлдызымыз — Мирас колледжінің қатысушысы — Ғазизқызы Асылзат!

Асылзат бүгін сахнаға педагог емес, нағыз шабыттандырушы, нағыз жаңашыл, нағыз болашақ ұстаз ретінде шықты.

Оның энергетикасы, идеялары, креативі — бәрі бір сөзбен айтқанда керемет!

Алға, Асылзат!

Жеңіс жолы — жарқырап тұр!