Жаңалықтар

Ұлдар мен қыздар кеңесі

2025 жылғы 19 қыркүйек күні «Мирас» колледжінде жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту және ажырасудың алдын алу тақырыбында кездесу өтті. Ұлдар мен қыздарға жеке-жеке жиналыс ұйымдастырылып, отбасылық жауапкершілік, сүйіспеншілік пен сыйластықтың маңызы талқыланды.

Берік отбасы – мықты қоғамның кепілі!

Колледж президенті лауазымына үміткерлер

2025 жылдың 16 қыркүйегінде “Мирас” колледжі мекемесінде Колледж президенті лауазымына үміткерлер арасында өзін-өзі қорғау күні өтті.
Үміткерлер өз идеяларын ұсынып, колледждің дамуына деген көзқарастарын ортаға салды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, нағыз көшбасшы болуға лайық екендерін көрсетті. Барша кандидаттарға сәттілік тілейміз!

Нашақорлыққа, есірткіге жол жоқ

Шымкент қалалық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры – Жандаров Жамбыл Төлегенұлының, сондай-ақ Тұран аудандық ювеналды полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты – Мендибаев Бекдәулет Бақытбайұлының қатысуымен студенттер арасында кездесу өткізілді.Іс-шараның мақсаты – “Дроппер” деген кім?, интернет алаяқтың алдын алу, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлық пен зорлық-зомбылықтың зардаптары туралы мағлұмат беру, әлімжеттік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Тілдер мерекесі

2025 жылдың 5 қыркүйек күні «Мирас» колледжі» мекемесінде «Қазақстан халқының тілдер күні» мерекесіне орай «Тіл – татулық пен бірліктің тірегі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Тіл – халықтың жаны, рухани қазынасы! Ана тілімізді ардақтап, өзге тілдерді құрметтейік. Баршаңызға мереке құтты болып, ел бірлігі мен татулығы арта берсін!

Лудомания, отбасындағы зорлық-зомбылық

2025 жылдың 4 қыркүйек күні «Мирас» колледжі» мекемесінде Ішкі саясат жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен, Шымкент қаласындағы жоғары оқу орны және техникалық кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің жастары арасында Лудомания, отбасындағы зорлық-зомбылық, Қыздар кеңесі, Суицидтің зияндылығын насихаттау мақсатында кездесу өтті               

Білім күні

2025 жылдың 2 қыркүйек күні «Мирас» колледжі» мекемесінде «1 қыркүйек – Білім күніне» орай «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 1 қыркүйек – жаңа бастамалар мен тың серпіннің күні!  Білім алып, арманға жақындайық!

Баршаңызға жаңа оқу жылында зор табыс, сәттілік пен шабыт тілейміз!

Гранттар тізімі

Сіздерді грантқа оқуға түсуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, үлкен табыстарға жете беріңіздер!

Диплом табыстау іс-шарасы

“Мирас” колледжінде 2025 жылғы түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті! 2025 жылдың түлектері үшін ұмытылмас күн — бүгін, “Мирас” колледжінде салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті. Колледж қабырғасынан түлеп ұшқалы тұрған жас мамандарға арнап жүрекжарды тілектер мен алғыстар айтылып, олардың әрқайсысына өз дипломдары табысталды.

«Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейіне экскурсия

2025 жылдың 30 мамыр күні «Мирас» колледжі» мекемесінің студенттері мен оқытушылары «31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейіне экскурсия жасады. Экскурсияның мақсаты:студенттерге тарихи маңыздылығын түсіндіруге, өткеннің қателіктерінен сабақ алуға және болашақта мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмауға талпынуға көмектеседі. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу арқылы біз еліміздің тарихын ұмытпай, келешек ұрпаққа аманат етеміз.