Мұрағат

Дайвинг клубы

«Дайвинг»  сөзі суға аквалангпен түсуді білдіреді. Алғаш рет дайвинг Францияда 1943 жылы, белгілі ғалым Жак Ив Кусто мен оның зерттеулер бойынша серіктесі Эмиль Ганьян әлемде ең алғашқы болып аквалангты жасағанда пайда болды. Өнертабыстың сәтті болғаны соншалық, сол жылы сүңгуірлер клубы құрылды.

Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер

03 мамыр күні «Мирас» университетінде Жеңіс күніне арналған ашық куратор сағаты өткізілді. Тарихта алғашқы Жеңіс күнін 1945 жылы атап өтті. Тура таңғы сағат 6-да еліміздің барлық дауыс зорайтқыштарынан 9 мамырды Жеңіс күні етіп тағайындау және оған демалыс күні мәртебесін беру туралы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысы салтанатты түрде оқылды. Сұрапыл соғыстың қорқынышы мен азабын жеңіске деген сенімсіз, үміт пен сүйіспеншіліксіз бастан өткеру мүмкін болмас еді. Отанға деген сүйіспеншілік майдангерлердің жүрегіне сенім ұялатып, жауға қарсы жойқын күшпен тойтарыс беруге және өздерінің сүйіктілерін, аналарын, балаларын қорғауға мүмкіндік берді. Соғыс кенеттен және қаһарлы болды, көптеген азаматтар туғандарымен қоштаса алмай майданға тіке аттанды. Бірақ біз оны ұмытқан жоқпыз. «Өткенді құрметтеу және жарқын болашаққа талпыну маңызды» деген ұстаныммен «Мирас» университетінің 50 студенті іс-шараға қатысып, құрметті қонақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Демченко Александр Леонтьевичтің әңгімелерін тыңдады, ән айтып, сезімдерімен бөлісті.

Жас кәсіпкер

«Мирас» университетінің «Экономика», «Менеджмент», «Туризм», «Есеп және аудит», «Қаржы» факультеттерінің студенттері Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның аумақтық филиалын және Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесін ұйымдастыру кезінде кәсіпкерліктің негізіне жұмыссыз жүрген жастарды оқыту мақсатында «Жас кәсіпкер» тренинг-семинарға қатысты және жаңа білім алды. Аталған  орталықта студенттерге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының негізінде жастардың жаңа бизнес-бастамаларын құрудың тәсілдері, бағыттары, шарттары туралы айтып берді. ОҚО кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнес-идеяларды жүзеге асыруға, бизнес-жоспарды құруға, мемлекеттік демеуді алуға, шетелдік әріптестермен тәжірибемен алмасуға, кәсіби шеберлігін арттыруға көмектеседі деп айтты, бұл кезде барлық қызметтер тегін көрсетілетін болады.

Camp Future Stars Alumni Project

«Camp Future Stars Alumni Project» жобасының I бөлімінде, «Мирас», ОҚМУ университетінің студенттері, кәсіпкерлер палатасында өткен «жоба жазу» тренингіне белсенді қатысты. ASAA ұйымы, АҚШ консулдығының қолдауымен бұл іс-шараны сәтті өткізді.

NEW SILK WAY БҰҰ Моделі 2016

Сәуірдің 29-1 Мамыр аралығында Азия, Европа және АҚШ елдерінің 400-ден астам студенттері мен бітірушілері Алматы қаласында өткен “Model United Nations-New Silk Way” халықаралық конференциясына қатысты. Бұл конференция жыл сайын ұйымдастыратын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан және шет ел студенттеріне өз есігін ашып, тәжірбие алмасу мүмкіндігін берді. Алматы қаласының әкімшілігі, Франция, Италия және БҰҰ-ның өкілдері конференцияның қонағы болып, өз үлестерін қосты

Ашық Есіктер Күні 2016

Жыл сайын «Мирас» университеті, жүздеген студенттер мен оқушыларға университеттің студенттік өмірін көрсету үшін өз есіктерін ашады. Ен қызықты есте қаларлық оқиғалар студенттік өмірдің 1 жылында өтетін болса, «Мирас» университетінде ол ашық есіктер күнінен басталады. 23 сәуірде «Мирас» университеті естен кетпес ашық есіктер күнін өткізді.

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...