03 мамыр күні «Мирас» университетінде Жеңіс күніне арналған ашық куратор сағаты өткізілді. Тарихта алғашқы Жеңіс күнін 1945 жылы атап өтті. Тура таңғы сағат 6-да еліміздің барлық дауыс зорайтқыштарынан 9 мамырды Жеңіс күні етіп тағайындау және оған демалыс күні мәртебесін беру туралы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысы салтанатты түрде оқылды. Сұрапыл соғыстың қорқынышы мен азабын жеңіске деген сенімсіз, үміт пен сүйіспеншіліксіз бастан өткеру мүмкін болмас еді. Отанға деген сүйіспеншілік майдангерлердің жүрегіне сенім ұялатып, жауға қарсы жойқын күшпен тойтарыс беруге және өздерінің сүйіктілерін, аналарын, балаларын қорғауға мүмкіндік берді. Соғыс кенеттен және қаһарлы болды, көптеген азаматтар туғандарымен қоштаса алмай майданға тіке аттанды. Бірақ біз оны ұмытқан жоқпыз. «Өткенді құрметтеу және жарқын болашаққа талпыну маңызды» деген ұстаныммен «Мирас» университетінің 50 студенті іс-шараға қатысып, құрметті қонақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Демченко Александр Леонтьевичтің әңгімелерін тыңдады, ән айтып, сезімдерімен бөлісті.
Соғыс. Бұл сөз біздің түсімізге де кірген жоқ. Ол көне тартқан суреттерді көріп, туған-туыстарының портреттеріне қараған әрбір үйде естіледі. Ол терезеден мамыр айының салқын самалы ескен және табиғат өзінің ең әсем кезеңі – гүлденген кезінде де естіледі.
Бұл әлемде ештеңе де мәңгі емес, жыл сайын ҰОС ардагерлері азайып баратыны өкінішті, өмірдің бұл үдерістерін біз тоқтата алмаймыз, бірақ біз олар туралы ең жарқын естеліктерді есімізде мәңгі сақтаймыз.