Мұрағат

Жайдарман "Маусымашар 2017" фестивалі

24.01.2017 күні Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-де Жайдарман "Маусымашар 2017" фестивалі болып өтті. Маусым тақырыбы "Шабытты маусым" , ал фестивальдің тақырыбы "Бізде бәрі жаңаша".  Ойынға Мирас университетінің намысын қорғап шыққан "Мирас құрамасы" және одан басқа 13 команда қатысып, барлық командалар 1/8 финалына жолдама алды.

Мираспен бірге жұмысқа орналастыру

Университеттің артықшылықтарының бірі – білім берудің іргелілігін сақтау кезінде білім алу барысындағы тәжірибелік машықтарды тереңдете игеруді қамтамасыз ететін білім берудің тәжірибелік бағыттылығы болып табылады. Университет бітірушілерді жұмысқа тұрғызуға жәрдем беруге бағытталған жұмыстарды жүргізуде, бұл үшін тәжірибелер мен жұмысқа тұрғызуды ұйымдастыру бөлімі (ТЖҰБ) құрылған. Бөлімнің қызмет мақсаты – жас мамандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, бітірушілердің кәсіби танылуын қамтамасыз ету, экономикалық қызметтің әртүрлі салаларының білікті кадрларға деген сұраныстарын қанағаттандыру, университеттің рейтингін арттыру болып табылады.

Access бағдарламасының ресми ашылуы

Шымкент қ.  2016 ж. 9 желтоқсанында Мирас Университетінде Access бағдарламасының  ресми ашылуы өтті.

English Access – бұл Мирас Университетінің базасында өтетін, қаржы мүмкіндіктері шектелген дарынды жастарға арналған ағылшын тілін игеру бойынша екі жылдық бағдарлама.  Осы бағдарлама шеңберінде, қысқы мен жазғы лагерьлерді қоса алғанда, тегін оқыту жүргізіледі. Екі сағаттық  сабақ аптасына үш рет өтетін болады.  Биылғы жылы 33 адам – басты талабы ағылшын тілін үйрену  және белсенді өмір сүру ұстанымы бар, конкурстық  іріктеуден өткен қаланың әр мектептерінің жоғары сынып оқушылары және Мирас Университетінің студенттері  қатысушы болды. 

«Қаржыгерлер апталығы»

Біздің университетте кәсіби қаржыгер мерекесін атап өту дәстүрге айналды. Қаржы, есеп және аудит кафедрасының жұмыс жоспары мен бағдарламасына сәйкес «Қаржыгерлер апталығы» ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында қаржыгерлер күніне орай қаламыздағы озат қаржыгерлерімен кафедра студенттері кездесу өткізді. Қаржыгерлер күніне  арналаған іс-шара барысында, мерекелік концерт пен экономикалық факультет студенттерінің өмірі жайлы видео жазба ұсынылды

Аймақтық пікірсайыс турнирі

Мирас университеті 2016 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ЕЛІМНІҢ ЕРКІНДІГІ – ТӘУЕЛСІЗДІК» атты аймақтық пікірсайыс турнирін өткізді. Турнирге ҚР озат ҚАЗҰАУ, ҚР ІІМ Академиясы,НАРХОЗ, ОҚМУ, ОҚМПИ, ХҚТУ, ҚИПХДУ, ОҚПУ және Мирас университеті секілді ЖОО-нан  28 фракция қатысты.

Халықаралық студенттер күні

Студенттер бұл қоғамның ең прогресшіл бөлігі болып табылады. Студенттер белсенді қоғам өміріне араласып, жаңалықтар ашып, еліміздің өмірін жақсы жаққа қарай өзгертуде. Студенттердің көпшілік уақытын оқу алғанына қарамастан, демалу мүмкіндігі әрдайым табылады.

Жыл сайын біздің университет халықаралық студенттер күнін ерекше атап өтеді, АҚШ-ң  президенттік сайлауында Дональд Трамптың жеңіске жетуі ешкімді немқұрайлы қалдырмады, соңғы жаңалықтарға байланысты, өзіміздің студенттерге «Trump party» стилінде мерекелік кеш ұйымдастырылды.Мирастың ең прогресшіл студенттері осы мерекелік кеште болды. Кеш қонақтарын ауқымды бағдарлама, ұтыс ойындар, фотозона, тек ең үздік ән шерулер мен көптеген тосын сыйлар күтті.  

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...