Сәуірдің 29-1 Мамыр аралығында Азия, Европа және АҚШ елдерінің 400-ден астам студенттері мен бітірушілері Алматы қаласында өткен “Model United Nations-New Silk Way” халықаралық конференциясына қатысты. Бұл конференция жыл сайын ұйымдастыратын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан және шет ел студенттеріне өз есігін ашып, тәжірбие алмасу мүмкіндігін берді. Алматы қаласының әкімшілігі, Франция, Италия және БҰҰ-ның өкілдері конференцияның қонағы болып, өз үлестерін қосты
«Мирас» университетінің студенттері мен түлектері Байгазина Гаухар (ИН 411к-1, 2 курс), Байрамова Жансая (Ин 311 к-1, 3 курс), Полат Назерке (ИН 411к-1, 2 курс), Кожантай Уалихан (РТ 412 р-1, 4 курс), Гребенкина Евгения (түлек-13), Исманов Сардор (түлек-12) және Сман Акмарал (түлек-15) конференцияға қатысып, мақтау қағаздарымен оралды.
Жиынның барысында: «Халықаралық ақпарат қауіпсіздігінің қауіп деңгейін төмендету тұжырымдамалары», «Сексуалдық және гендерлік зорлықтың репродуктивті денсаулығына тигізетін әсері», «Дамып жатқан елдердің азық-түлік қауіпсіздігінің дағдарысы» және осыған ұқсас көптеген тақырыптар бойынша маңызды мәселелерді талқыланды.
«Мирас» университеті 2010 жылы БҰҰ моделінің қалыптасуына белсенді қатысып, 2012 жылы өзінің алғашқы халықаралық конференциясын өткізді. «Мирас» құрамасы Қазан айында өтетін “Miras University MUN” конференциясын ұйымдастыруды көздеп отыр.
БҰҰ моделі секілді жобалар «Мирас» студенттерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге және болашақ ұрпақтың дамуына үлесін қосады деп сенеміз.