Әлеуметтік жұмыс жөніндегі Проректоры: Султанова Валида Илашбаевна
ЖІК төрағасы: Бейсенбекова Аружан Болатқызы
Мекен жайы: Сапак Датка, Әкімшілік ғимарат, № 9 кабинет
Телефон: +7 7252 33-77-77 (121)
Негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Әлеуметтік және тәрбие жұмысы бөлімінің негізгі мақсаттары:
"Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу контексінде білім алушылардың дүниетанымы мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Негізгі міндеттер:
- ҚР заңнамалық актілерінде, "білім туралы" ҚР Заңында, "ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңда, ҚР Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында баяндалған құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Студенттердің тұлғааралық қарым-қатынасын нығайту үшін мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ұлттық дәстүрлерді, патриоттық сана-сезімді нығайту және дамыту бойынша ЖОО-да тәрбие үдерісін ұйымдастыру;
- Университетте студенттермен жүйелі тәрбие жұмысын ұйымдастыру, мамандарды дайындау барысында оқыту мен тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету; тұлғаның интеллектуалдық, мәдени, адамгершілік-эстетикалық және дене бітімінің дамуын қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
- Университетте әлеуметтік және тәрбие процесін жетілдіруге қатысу;
- Студенттердің кәсіби әлеуетін қалыптастыру және өзін-өзі жүзеге асыру, жаңа жарқын таланттарды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;Студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға жәрдемдесу, студенттік қоғамдық бірлестіктердің жұмысына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету.