Мирас университетінде дін саласына қатысты жастар қауымының діни сауаттылығын арттыру мақсатында жастар ортасында діни қөзғарастың мәні мен ролі тақырыбында діни сенімді уағыздау, тарату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және діни істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің «Ақпараттық насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру» бөлім басшысы, теолог Халықов Медет, дінтанушы, теолог Джурабеков Жалғас Жастар арасында еліміздің тиым салынған ағымдар туралы кеңейтілен мәліметтермен таныстырып, экстремизмге түсінік беріп, экстремизм – аса күрделі қоғамның әлеуметтік-саяси мәселелерінің бірі екендігін атап өтті. Әлеуметтік, саяси, экономикалық және де басқа факторлардың әсерінен жастарда кейбір жағдайларда түбегейлі басқа көзқарас пен түсінік қалыптасып жатқандығын, сондықтан экстремизмдік және лаңкестік ұйымдардың қатары жастармен толысатындығын түсіндірді.
АНТ
Мирас университетінің жастар арасында дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-насихаттық тобының (АНТ) тақырыптық дәрістер кестесіне сәйкес облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының нұсқауымен «Тура жол көмек орталығы» бірлестігі Ордабасы мешітінің имамы Сарыбаев Қазбек Сұлтанбекұлы «Теріс пиғылды діни ағымдар мен оның зардаптары, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері» тақыбында лекция оқып студент жастардың теріс пиғылды ағымдардан аулақ болудың түрлі шараларын айтып, өздерінің дініне деген сүйіспеншілігін арттырып, бірқатар ақпараттар берді.
Кездесу-семинар
Мирас университетінде дін саласына қатысты жұмыс жоспарында студенттер арасында діни бірлестіктер - діни сенімді уағыздау, тарату мақсатындаоблыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының әлеуметтік бастамалар орталығының мүшесі, дін танушы, діни әдебиеттерді сараптау комиссиясының мүшесі, Файзулла Тайтелиев жастар арасынды «Ислам мәдениеті мен салт-дәстүрдің сабақтастығы», «Менің таңдауым Ханафи Мәзһабы», «Елімізде тиым салынған және дәстүрлі емес дәни ағымдар» атты кітап пен кітапшалар және плакаттар таратты, мәліметтермен таныстырып, кездесу-семинар өткізді.
Вебинар Аллана Пиза
Дене қимылының жаңа тілі: бизнес және адам қарым-қатынасы
Rome Model United Nations
14-18 наурыз аралығында Италияның астанасы Рим қаласында «Giovani nel Mondo association» ұйымының ұйымдастыруымен 5 күндік «Rome Model United Nations» конференциясы болып өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген 2000 студент қатысты. 30 адамнан тұратын қазақстандық делегацияның құрамына «Назарбаев Университеті», «ҚазҰУ», «КАУ» және біздің «Мирас» университеті енді. Біздің университетіміздің өкілі ретінде қатысқан 4-ші курс студенті, нәп-нәзік қыз Ақмарал Сман бас спикер ретінде Пәкістан Республикасының Елшісі Тахмина Джанжуэ ханым қатысқан, жалпы құрамы 70 адамнан тұратын «ECOSOC» комитетіндегі сессияға көмектесуге мүмкіндік алды.
KazTEA 2015 конференциясы
12-ші халықаралық ғылыми-практикалық KazTEA 2015 конференциясы.
«Білім беру нәтижелерін жақсарту мақсатында ағылшын тілін оқытуды және оқыту саласындағы зерттеулерді жетілдіру мәселелері».
«Мирас» университеті А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетімен бірге 28-29 сәуір күндері серіктес-университеттің базасында өткен 12-ші халықаралық ғылыми-практикалық KazTEA 2015 конференциясын ұйымдастыру мен өткізуге серіктес болды.