10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О. оффлайн режимде 111-01 тобымен «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына кері әсері » тақырыбында баяндама өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Студенттер әлеуметтік желілердің жастардың санасына кері әсерін алдын алу шараларын түсінеді, өз ойын жеткізе біледі;
Баяндама барысында Дәліхан Ж.О. қазіргі уақытта тыңдалым арқылы әлеуметтік желілердің жастардың санасына зияны және кері әсерін алдын алу жолдарын атап өтті.
Нәтижесінде студенттермен тақырып талқыланып, әлеуметтік желілердің зияны туралы мәселелер қаралды.