«Дайвинг» сөзі суға аквалангпен түсуді білдіреді. Алғаш рет дайвинг Францияда 1943 жылы, белгілі ғалым Жак Ив Кусто мен оның зерттеулер бойынша серіктесі Эмиль Ганьян әлемде ең алғашқы болып аквалангты жасағанда пайда болды. Өнертабыстың сәтті болғаны соншалық, сол жылы сүңгуірлер клубы құрылды.
Дайвинг - бұл спорт емес, бұл баршаға көңіл-күй сыйлайтын аттракцион. Бұл әрбір адам балалық шақты аңсаған, яғни, теңіздер мен мұхиттардың құпиясын тануға аңсаған нәрсе.
Тек дайвинг ғана үшөлшемді кеңістіктің сезімін береді. Жер бетінде біз алға және кері қарай, оңға және солға қарай қозғала аламыз, ал су астында – қосымша жоғары және төмен қарай. Біз студенттерімізге ерекше мүмкіндіктер береміз, және біздің қолымыздан келетін барлық нәрсені жасауға тырысамыз.
Әр жексенбі күні біз сіздерді Қажымұқан атындағы спорт кешенінде күтеміз.Сіздердің барлығыңыздың өз көздеріңізбен көретін, тегін тренингтен өтуге, жаңа достар табуға және жәй ғана эстетикалық ләззат алуға мүмкіндіктеріңіз болады. Сіздің фобияңыз бар ма? Ол проблема емес! Сіздерді жұмыс өтілі бар тәжірибелі жаттықтырушы мен апта сайын клубқа келетін студенттер күтеді.
Күтпеңіздер, мүмкіндіктерді пайдаланып, өмірдің ләззатын алыңыздар.
Әр жексенбі күні сағат 14:00