Мұрағат

Әскери кафедра

Құрметті «Мирас» университетінің студенттері 2016-2017 оқу жылына Әскери кафедраға құжаттар қабылдау басталғанын хабарлайды, барлық мамандықтар бойынша күндізгі бөлімнің 1 курс студенттеріне қатысты. «Мирас» университеті  студенттері биылдан бастап Әскери кафедрада Мемлекеттік грант негізінде оқи алады.

Сізге түсу үшін қажет:

  • 2016 жылдың 15 сәүір дейін Әскери кафедраға қабылдану туралы арызбен Студенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет;
  • Қажеттер құжаттар тізімін ұсыну (денсаулығы туралы анықтама);
  • Оқу үлгерімі жайындағы анықтаманы деканаттан алу;

Францияда өткен тағылымдама

2015 жылы шілденің 19-нан 31-не дейін француз тілінің оқытушысы Абдуллина Ж.А. француз тілін оқыту мәселесі бойынша Formation en français langue étrangère Chymkent Kazakhstan бағдарламасының аумағында ‘‘Evaluation: descripteurs, grille d’évaluation’’  біліктілігін арттыру курсын өтті. Қазақстаннан, Мароккодан, АҚШ-тан, Канададан, Жапониядан және басқа елдерден келген француз тілінің оқытушылары мен мұғалімдеріне Fati Davin «L’évaluation et le Cadre européen commun de référence pour les langues»; Maryiam Nouissier «Littérature et l’évaluation en classe de FLE»; Assel Janaidarova: «L’évaluation en production écrite, niveau B2» дәрістерін оқыды.

Анталиядағы тағылымдама

«Мирас» университеті мен Анталиядағы Халықаралық Туризм Академиясы білім беру қызметі, студенттермен және профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу, білім беру сапасын арттыру және оқу орындарының арасындағы жан-жақты байланысты нығайту саласында Тараптардың ынтымақтастығы жөнінде шарт жасасты. Енді біздің студенттеріміз бен ПОҚ-ның шетелде демала жүріп, бір мезетте кәсіби білім алуға қайталанбас мүмкіндігі пайда болды.

Визит Генерального Консула США

23 февраля 2015 г. в город Шымкент прибыла с двухдневным визитом Тереза Гренчик, Генеральный консул США.

В ходе своего визита Тереза Гренчик посетила Университет Мирас. На встрече со студентами и преподавательским составом дипломат рассказала о том, что Генеральный консул работает в Алматы и Южном Казахстане от имени президента Обамы и американского народа. Действия консульства направлены на дальнейшее развитие казахстанско-американского сотрудничества, укрепление культурно-гуманитарных связей между двумя странами.

Португалиядағы пауэрлифтинг бойынша чемпионат

9-14 қараша аралығында Португалияда (Порто қаласы) пауэрлифтингтен, жатып алып сығымдап көтеру мен мүсіндік тартудан WPC нұсқасы бойынша Әлем чемпионаты өтті.

Біздің «Дене шынықтыру» кафедрасындағы оқытушымыз Үнембаев Әлім бірінші күні, 9 қарашада 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде классикалық жатып алып сығымдап көтеруде күш сынасып, 175 келіні сығымдап көтеріп, 2-ші орынға ие болды.

Екінші күні, 10 қарашада 82,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарақталған жатып алып сығымдап көтеруде 217,5 келіні көтеріп, Әлем чемпионы атанды.

Құттықтаймыз!

Әлем чемпионатына әлемнің 26 елінен: Англия, Франция, Нигерия, Израиль, Германия, Ресей, Украина, Португалия және т.б. келген спортшылар қатысты.

ШЭГУ академиясы және «Мирас» университеті

2015 жылдың наурыз айында ШЭГУ академиясы мен «Мирас» университетінің (Шымкент, Қазақстан) арасында білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халықаралық шарт және оған қосымша оқытушылармен алмасу туралы келісім жасалды. Бағдарламаны іске асыру аясында 2015 жылғы 10-24 сәуір аралығында «Мирас» университетіне ШЭГУ академиясының оқытушылары – тарих ғылымдарының кандидаты, жалпы ғылыми пәндер кафедрасының профессоры Н.А. Ефремова-Шершукова мен заң ғылымдарының докторы, профессор В.К. Самигуллин келіп кетті.

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...