ЖОО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары

ЖОО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде адам өмірінің барлық салаларына теріс әсер етеді, әлеуметтік-экономикалық даму процесін тежейді, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің дамуына елеулі қауіп төндіреді.

Студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мақсатында «Мирас» университетінде жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспары әзірленеді және бекітіледі, лекторлық топтың жұмысы тұрақты негізде ұйымдастырылады, «Sanaly Urpaq» клубы жұмыс істейді. Осы қызмет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар: әңгімелесулер, пікірталастар, пікірсайыстар, зияткерлік ойындар, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер және тағы басқалар өткізіледі.

Университеттің әрбір студенті «Sanaly Urpaq» клубының негізінде өткізілетін заңгерлік сауаттылық тренингіне қатыса алады. Студенттердің оқуға деген тұрақты қызығушылығын ояту, білім салтанатын қалыптастыру үшін адалдық, ашықтық, еңбекқорлық, өзін-өзі тәрбиелеу сияқты жеке қасиеттерді насихаттау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. «Мирас» университеті студенттерінің бағдарламалық құжатында: «Студенттің/магистранттың ар-намыс кодексі» ЖОО-ның барлық білім алушылары ұстануға міндеттенетін академиялық адалдық қағидаттары қамтылған. «Мирас» университетінде жүргізіліп жатқан барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жастардың алған білімдерін студент өміріндегі кез келген сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.

«Мирас» университетінің жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

 


 

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...