Жыл сайын «Мирас» университеті, жүздеген студенттер мен оқушыларға университеттің студенттік өмірін көрсету үшін өз есіктерін ашады. Ен қызықты есте қаларлық оқиғалар студенттік өмірдің 1 жылында өтетін болса, «Мирас» университетінде ол ашық есіктер күнінен басталады. 23 сәуірде «Мирас» университеті естен кетпес ашық есіктер күнін өткізді.
Осы іс-шарада елдің сүйікті әншісі Айқын Төлепберген қатысып, қолдан жасалған бұйымдардың көрмесі қойылып, педагогика, экономика, техника және тағы басқа да мамандықтар бойынша қатысушыларға мәліметтер берілді. Қойылған пәндердің арасында «Құқықтану» мамандығы ерекшеленді. Люминесценттік құрылғылар, түнгі камералар және де басқа құралдар Шерлок Холмстың тергеу орны секілді әсер калдырды. Тегін балмұздақ, бампербол ойыны, фотосессия- осының бәрі көңіл күйдің патшасы болды десек қателеспейміз. Расында, осы іс-шара қала бойынша бірегей болып саналады. «Мирас» университеті әрқашан , академиялық сапаны белсенді студенттік өмірімен тең ұстайды. Әр бір қатысушы, LG компаниясының телефонын, 100% оқу жеңілдігін, «Мирас» кәдейсыйларын ұтуға және көңілді күн өткізуге мүмкіндік алды. Келесі жылы не болатыны білгіңіз келеді ме? Онда дұрыс шешім жасаңыз!