Мұрағат

Турнир по мини-футболу

Қазан айының 2-ші он күндігінде Мирас университетінде «Қызғылт сары күндер» - «гендерлік зорлыққа қарсы 16 күн» халықаралық БҰҰ кампаниясы аясында футзалдан ашық турнир өтті. Турнирге 3 команда қатысты. РЭТ611к1, «Сборная» және «ПСЖ». Жүлделі орындар келесі командаларға бұйырды: III орын-РЭТ611к1, II орын- «Сборная» I орын- «ПСЖ» командасына бұйырды.

"Жайдарман" Маусымашар" КТК фестивалі

2016 жылғы 19 қазан күні Мирас сарайында жайдарман ойындарының «Маусымашар» фестивалі өтті. Ойынға 5 команда сәлемдесу сайысы бойынша сынға түсті. Ойынға қатысқан командалар: Мирас жастары, Витамин, Чемпиондар, Перваштар және Аптека. Бұл командалардан бөлек ОҚМУ студенттерінен құралған «Нұржамал» және Ақпараттық-жаратылыстану институтының АЖИ құрамасы жайдарман топтары қонақ есебінде өз өнерлерін көрсетті. Бұлмаусымашар фестиваль болғандықтанжеңімпаз команда болмады.

Gangsta party 2016

Осы жексенбіде 9 қазанда «Gangsta» стиліндегі жалынды «кеш» өтті. Бір ғана «Gangsta» сөзінің өзінен аласұрған 30-шы жылдар, заң күшінің әлсіздігі, ұрлықтар, шабуылдар, джаз және романтика есімізге түседі.

Осы мерекенің міндетті шартының бірі дресс-код. Аласұрған 30-шы жылдардың ерекше антуражы бұл керемет саз әуенінің сүйемелдеуімен сәнді киінген жігіттер мен қыздар. Бойжеткендер өздерінің жібектен тігілген киімдерін маржанды әшекей мен бас киімімен биік өкшелі аяқ киіммен, сәнді торлы шұлықпен,үлбіреген шәлімен, ұзын моншақ пен жарқын гауһармен толықтырды. Гангстер жігіттеріміздің бейнесі бұл ресми, бір түсті, жолақты костюм, классикалық галстук-көбелек, тазаланған аяқ киім, үтіктелген ақ жейде, төс қалтада қол орамал немесе раушан,кеудеше, бас киім және таяқшамен көрсетілді.

Access хабарлама

Мирас университетінің және АҚШ-ң мемлекеттік департаментінің қаржыландыруымен Access бағдарламасының білім гранты бойынша құжаттар жинау бірінші кезеңі аяқталды. 2016 жылдың  16 - қазанына дейін құжаттарды жинаудың екінші кезеңі болатынын жариялаймыз. Еске саламыз,  бұл бағдарлама  қаражаты жағынан шектеулі, 14-19 жастағы дарынды жастарға арналған. Құжаттарды Иляева 3 көшесі бойынша 208 бөлмесінде қабылдаймыз.

Толығырақ мына сілтемеден біле аласыз.

Жемқорлық

23.09.16ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Брейн-ринг» интеллектуалды ойыны өтті.

Мирас университеті «Хан Қорық 2» жастар фестивалінде

МИРАС университетінің студенттері ОҚО-да 2016 жылғы 15-20 тамыз аралығында Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы (ҚҰГҚ) тарабынан өткізілген «Хан Қорық 2» жастар фестиваліне қатысты.   Жобаның мақсаты: жылыжай газдарын түгендеудің ұлттық ерекшеліктері туралы, климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдету үшін қолданылатын шаралар, білім беру және кадрларды даярлау туралы ақпаратты жинау болды.  

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...