«Мирас» университетінің «Экономика», «Менеджмент», «Туризм», «Есеп және аудит», «Қаржы» факультеттерінің студенттері Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның аумақтық филиалын және Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесін ұйымдастыру кезінде кәсіпкерліктің негізіне жұмыссыз жүрген жастарды оқыту мақсатында «Жас кәсіпкер» тренинг-семинарға қатысты және жаңа білім алды. Аталған орталықта студенттерге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының негізінде жастардың жаңа бизнес-бастамаларын құрудың тәсілдері, бағыттары, шарттары туралы айтып берді. ОҚО кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнес-идеяларды жүзеге асыруға, бизнес-жоспарды құруға, мемлекеттік демеуді алуға, шетелдік әріптестермен тәжірибемен алмасуға, кәсіби шеберлігін арттыруға көмектеседі деп айтты, бұл кезде барлық қызметтер тегін көрсетілетін болады.
Сондай-ақ тренинг-сабақта студенттер «мақсатқа жету» тақырыбына арналған ойынға қатысты, онда жеңімпазға арнайы сыйлық – «Даму» орталығынан «Жылдам курс» дискісі тапсырылған. Одан басқа, студенттерге өзінің бизнесін ашуға көмектесетін үлестірме материалдар ұсынылды. Қатысушыларға өте қызықты және танымды болды. Сонымен бірге, студенттер өзінің идеяларымен бөлісті және кәсіпкерлік саласындағы мамандардан жаңа тәжірибе жинады. «Мирас» университетінің басқа студенттері де болашақта осындай іс-шараларға белсенді қатысады және өздерінің бизнес-идеяларын шынайы түрде нақты көрсете алады деп сенеміз.