Мирас университетінің қолдауымен «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына» арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге облыстық «Қазақстан Халық Ассамблеясының» өкілдері, Мирас университетінің тәрбие ісі жөнінде ректоры, оқытушылар мен студенттер қатысты. «Дөңгелек үстел» мақсаты: Мемлекеттілікті нығайту, Қазақстан халқының бірлігі және базалық құндылықтары айналасында қоғамды топтастыр осылардың негізінде тәуелсіздік пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім; мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өз Отанына деген махаббат, тарихи өткеніне құрмет пен қызығушылық сезімін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік, Отан алдында азаматтық борыш, Отаныңның мүддесі үшін қызмет етуге дайын болу.
«Ынтымақ» этномәдени бірлестігі бойынша атқарылған іс-шара туралы
2016 жылдың 22 қазанында Оңтүстік-Қазақстан политехникалық колледжінде Қазақстан Халық ассамблеясының «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің гала концерті этномәдени бірлестік өкілдері мен жастардың қатысуымен өтті.
Хэллоуин 2016
28 қазан түні Мирас университетінің студенттері Хэллоуинді атап өтті. Қазақстанда Хэллоуин жақында ғана пайда болды және танымалдылығы америкалық мерекенің танымалдылығы жанында салыстыруға келмейтінін атап айтқанмен, өзінің табынушылары Мирас университетінің студенттері арасында баршылық. Осы түні мистикалық кейіпкер, вампирлер мен өлілердің костюмдерін киіп маскарад жасау шарт болды. Студенттер үшін мерекенің ең жағымды бөлігі әрқайсысы өзін мыстан немесе әзәзіл сезіну мүмкіндігін жіберіп алмайтын костюмдер бойынша конкурспен шоу болды. Мирас университетінде Хэллоуинді мерекелеудің толық мистикалық мағынасын бермейді керісінше таныстарының арасында қызықты уақыт өткізу, ұзақ уақыт бойы еске түсіру болып табылады. .
Бухгалтерлік апталық
Қаржы, есеп және аудит кафедрасының жұмыс жоспары мен бағдарламасына сәйкес, «бухгалтерлер апталығы» ұйымдастырылды. Бухгалтерлер апталығында ұсынылған жұмыстар бухгалтерлік есептің, ғылым ретінде дамуына арналды. Бағдарлама бойынша студенттер «Жатқанға жан жоламас,жүргенге жөргем ілінеді» ұранымен конкурс ұйымдастырып, қызықты баяндама мен слайдтарды даярлап ұсынды. Конкурс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең- «Полиглот». Екінші кезең «Жағдайлық тапсырма». Үшінші кезеңде конкурстың қатысушылары тест тапсырмасы бойынша жауап берді.
Халықаралық конференция «БҰҰ моделі»
Мирас университетінде 28 мен 30 қазан аралығында «Гендерлік зорлыққа қарсы 16 белсенді күн» тақырыбында «БҰҰ моделі» халықаралық конференциясы өтті. Осы конференцияда қазақстандық студенттерден бөлек Түркия, Ауғанстан, Түркменстан және Рессей елінің жас делегаттары қатысты. Жұмыс алты комитет бойынша ұйымдастырылды, әр комитетте талқылау үшін жаһанды тақырыптар қозғалды. Әр елдің жас уәкілдері жиналып, мәмілегер рөлінде өздерін сезініп, БҰҰ күн тәртібінде тұрған сұрақтарды талқылап,әлемді жақсы жағынан өзгерту үшінөз пікірлерімен бөлісіп, талқылауға қатысып,қарар жазып, ресми келіссөздерді жүргізуді үйреніп, әр ел өкілдерінің ортақ жанасу нүктелерін тапты.
Cтуденттік ғылыми-тәжірибелік атты конференциясы 2016
29-30 қараша айында 2016 жылы «Мирас» университетінде Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік «Интегративті-тұтас ойлаудың қалыптастыру процесстері: өткенді сақтау, болашақты құру» атты конференциясы өтеді.
Конференцияның негізгі мақсаты оқушылардың, студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың арасында шығармашылық белсенділігін дамыту, заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, сонымен қатар студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми байланысу және білімдік дамуына ықпал ету болып табылады.