«Мирас» университетіндегі биылғы дизайн апталығы бейресми «Арт нысан тұлға» тақырыбында өтті.
Университет холында студенттер – болашақ дизайнерлер қатысқан көрме ұйымдастырылды.
«Мирас» университетіндегі биылғы дизайн апталығы бейресми «Арт нысан тұлға» тақырыбында өтті.
Университет холында студенттер – болашақ дизайнерлер қатысқан көрме ұйымдастырылды.
Мектеп оқушылары бұл күнді асыға күтті...
2015 жылғы 18 сәуірде сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін «Мирас» университеті мен колледжінің барлық есіктері Сіздердің алдарыңызда айқара ашылды!
III Жыл сайынғы Ашық Есіктер Күні керемет өтті!
UECA (University English Centers/Australia), IDP Education (Cambodia) ұйымдастырған жыл сайынғы CamTESOL “Building skills for regional cooperation and mobility” конференциясы 2015 жылы наурыз айының соңында Пном Пень қаласында өтті.
Конференция 1721 мұғалімдер мен білім беру саласының басқа да қызметкерлері, 33 елден келген 480 делегат қатысқан, ауқымды екікүндік іс-шаралардан құралды.
Бейнелеу өнері мен сызудан Шымкент қаласының мектеп оқушылары арасындағы олимпиада бейнелеу өнеріндегі дарынды балаларды анықтап, одан әрі кәсіби бағдарлық бағыт беру, оқушылардың эстетикалық мәдени деңгейін арттыру мен насихаттау, түрлі қызмет саласындағы дизайнды кеңінен таныту мақсатында, 2015 жылғы 4 сәуірде «Мирас» университетінің базасында өтті. Олимпиаданы «МИРАС» университетінің атынан «Дизайн және кәсіби оқыту» кафедрасы Шымкент қалалық білім беру бөлімімен бірлесе ұйымдастырды.
«Мирас» университеті демалыс күні таңертең жыл сайынғы «БҰҰ моделі» атты студенттік конференцияға асыққан студенттер мен мектеп оқушыларына өз сарайының есігін көктемнің күніндей айқара ашты.
Қатысушылардың көпшілігі өздеріне арнап «БҰҰ моделінің» аға тренері Нұрия Назипованың жетекшілігімен өз қатарластары өткізген көптеген тренингтерден өткеніне қарамастан, олар үшін конференцияға қатысу толғандыратын оқиға және тіпті сынақ болды деуге де болады, себебі олар түрлі елдерден келген БҰҰ өкілдерінің рөлін орындауы керек болатын. Бұл қатысушыларға белгілі бір дәрежеде жауапкершілік жүгін артқан-ды. Бірнеше ай бойы балалар БҰҰ-ның жұмысы жайлы оқып-біліп, әлемдегі саяси ахуалды зерттеді, экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздық, биологиялық қару және Бас Ассамблеяда, ЭКОСОС пен Қауіпсіздік кеңесінің комитеттерінде талқыланатын басқа да мәселелер бойынша «өз елінің» пікірін білді.