«Camp Future Stars Alumni Project» жобасының I бөлімінде, «Мирас», ОҚМУ университетінің студенттері, кәсіпкерлер палатасында өткен «жоба жазу» тренингіне белсенді қатысты. ASAA ұйымы, АҚШ консулдығының қолдауымен бұл іс-шараны сәтті өткізді.
Жобаның мақсаты - жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту, экологиялық жобалар, салауатты өмір салты, дәстүр, мәдениет, гендер және адам құқықтарын қорғау секілді жобалар дайындау болды. Біздің студенттеріміз, Усманова Шахноза (1 курс, MH-511R-1, басқару), Назметдинова Виктория (1 курс, MI-511R-1, ШТ) Юлдашев Әзиз (1 курс, MI-511R-1, шет тілдері факультеті) , Ирискулов Шахрух (1 курс, MI-511R-1, ШТ), Бабаханова Диляфруз (1 курс, MI-511R-1, шет тілдері факультеті), Ким Александр (2 курс, УА-411р-1, Бухгалтерлік есеп және аудит) маңызды дағдылар игеріп, осы жазда өтетін жобаның II бөлімінде алдына қойған мақсаттарын жалғастыруға дайын. Бұл жаз пайдалы және ыстық болмақ. II бөлімде не болатынын жақында білеміз.
Біздің жаңалықтарымызды оқи жүріңіздер!